Келес ауданы Ұшқын ауылындағы 23 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл бойы зорлап келген бауырларға сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, жәбірленушіні алты ер адам зорлаған. Олардың үшеуі мүгедек жігіттің жақын туысы болып шыққан, - деп хабарлайды Aykin.kz.
Іс материалдарына сәйкес, мүгедектігі бар 24 жастағы жігіттің дамуы төрт жастағы баланың деңгейіне сәйкес келеді. Ол 14 бойы өз немере ағалары мен көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылық көріп келген.
Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның қатысы бар екенін айтқанымен, сот алдында тек үш ересек немере бауыры ғана жауапқа тартылды. Сот отырысы жабық түрде өтті.
Екі бауыр бірнеше рет топ болып зорлау дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары), ал үшіншісі топ болып зорлау және ұрлық (Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы; 188-бап) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен барлығы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде өтемақыны бірлесіп төлеуге міндеттелді. Олар жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленушінің анасы үкімге қанағаттанғанымен, жазаның тым жеңіл екенін де жасырмады. Апелляция беріп, жазаны күшейту мәселесі анасының шешіміне байланысты болады.
Қазір жәбірленушінің отбасы ауыл тұрғындарының қысымына ұшырап отыр. Олар 20 жылдан астам уақыт бойы осы елді мекенде тұрады, шаруашылықпен айналысады және табыс көзінен айырылып қалмау үшін қалаға көшуге қорқып отыр.