Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған ірі көлемдегі ұрлық фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеу барысында белгілі болғандай, кассир болып жұмыс істеген қыз тапсырыстарды автоматтандыру жүйесі арқылы бүркемелеп, сатылымның бір бөлігін есептен жасырған. Ол бір жыл бойы кейбір тапсырыстарды жүйеден өшіріп, клиенттерден қолма-қол төлем алғанымен, қаржыны мекеменің есепшотына емес, өзінің жеке шотына аударып отырған.
Осылайша, кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Жеткілікті тексеру жүргізген басшылық айтарлықтай қаржылық жетіспеушілікті анықтап, құқық қорғау органдарына жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.