World Boxing ұйымының сайлауы 23 қарашада өтеді
World Boxing ұйымының ендігі президенті Геннадий Головкин болуы мүмкін
363
оқылды

Кәсіпқой бокстың жұлдызы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер. Ол қазіргі таңда басты фавориттердің бірі ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұған дейін бұл лауазымға украиналық әйгілі боксшы Владимир Кличко да үміткер болған. Алайда кандидатурасы жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткеннен соң сайлаудан шеттетілді.

Егер Геннадий Головкин президенттікке сайланса, ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты үйлестіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – еліміздің спорт үшін аса маңызды әрі тарихи қадам болмақ.