Өрт Нұра ауданындағы Тұран даңғылы бойында салынып жатқан жаңа ғимараттан шыққан
Астанада «Хан Шатыр» маңындағы ғимарат өртенді
2,284
оқылды

Астанада "Хан Шатыр" маңындағы жаңа ғимараттан өрт шықты. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео жарияланды, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы pro_astanu парақшасында жарияланды.

Бейнежазба авторының айтуынша, көптеген жүргізуші "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы жанып жатыр деп ойлаған.

Астана төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның ақпаратынша, өрт Нұра ауданындағы Тұран даңғылы бойында салынып жатқан жаңа ғимараттан шыққан.

"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер анықтағандай, ғимараттың үшінші қабатында құрылыс материалдары 10 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін өрт толық сөндірілген", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.