Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.

