Материалдық шығын өндірілді.
«Мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін»: Астанада дәрігер науқастарды 4 миллион теңгеге алдап түсірген
www.istockphoto.com
900
оқылды

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен емхана дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған. Алайда шын мәнінде, мұндай көмек көрсетуге құзыры болмаған. Елді алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты ол  өз қажетіне жұмсаған.

"Прокурор ұсынған дәлелдермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.