Өрт үйдің шатырын шарпыған.
"Терезеден шығарып үлгерген": Өрттен әйелі мен 3 баласын құтқарған ер-азамат қаза тапты
www.istockphoto.com
2,705
оқылды

Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш баласын өртеніп жатқан үйден құтқарамын деп қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты Lifepvl.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 43 жастағы ер адам өртеніп жатқан үйден әйелі мен балаларын құтқарып ұлгерген, бірақ өзі оқиға орнында мерт болды. 

"Өртсөндірушілер келгенге дейін ер адам терезе арқылы жұбайы мен үш баласын шығарып үлгерген", – деді ТЖД өкілдері.

Ресми мәлімет бойынша, иіс тиіп уланған әйел мен балалар аудандық ауруханаға жеткізілген. Өрт үйдің шатырын шарпыған. Жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метрді жайлаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, 9 қазанда таңертең Солнечный ауылынан жеті шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында өрт шыққан. Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйде жеті адам болған. Олардың алтауын аман алып қалу мүмкін болмады. Олардың мәйіттері өрт сөндірілгеннен кейін табылған.