Ернар Жиембай тоғыз жыл түрмеде отыратын болды.
Апелляциялық сот Руслан Берденовке қатысты істің үкімін өзгеріссіз қалдырды
630
оқылды

Шымкентте қала басшысының бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталушы Ернар Жиембай жазасын бас бостандығынан айырудан шартты жазаға ауыстыруды талап етткен.  Ол оның кісі өлтіру ниеті болмағанын, тек "денсаулығына ауыр зиян келтіргенін" мәлімдеді.

Алайда жәбірленушінің адвокаттары Жиембайдың шабуылды мұқият дайындап, Берденовті өлтіруді көздегенін айтып, соттан істі қайта саралауды сұрады. Алайда сот екі тараптың да өтініштерін қанағаттандырмады.

Еске салайық, бұған дейін 2 қазанда Руслан Берденовке қатысты істе екі тарап та апелляциялық шағым түсірген. Оқиға 21 сәуір күні Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл іс бойынша айыпталушы қалалық құрылыс басқармасына қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің бұрынғы директоры – Ернар Жиембай. Жәбірленуші Руслан Берденов сот отырысына онлайн режимде қатысқан.