Ол кісі өлтіру ниеті болмағанын, тек "денсаулығына ауыр зиян келтіргенін" мәлімдеді.
Берденовке қатысты апелляциялық соттың қорытындысы белгілі болды
344
оқылды

Шымкентте қала басшысының бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сотталушы Ернар Жиембай жазасын бас бостандығынан айырудан шартты жазаға ауыстыруды талап етті. Ол кісі өлтіру ниеті болмағанын, тек "денсаулығына ауыр зиян келтіргенін" мәлімдеді.

Жәбірленушінің адвокаттары Жиембайдың шабуылды мұқият дайындағанын және Берденовті өлтіруді көздегенін айтып, соттан істі қайта саралауды сұрады.

Алайда сот екі тараптың да өтініштерін қанағаттандырмады.

Ернар Жиембай тоғыз жыл түрмеде отыратын болды.