Бұл туралы блогер Сәкен Қағаров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Жанар Айжанованың қызы екінші рет ана атанды
7,569
оқылды

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы блогер Сәкен Қағаров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр. 

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың бірінші некеден Назар есімді ұлы бар.