Актриса балалы болмадым деп сары уайымға салынбайтынын айтты.
"Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген...": Дариға Бадықова неге бала тумағанын айтты
2,989
оқылды

Дариға Бадықова бұрынғы некесінде балалы болуға тырыспағанын айтты, деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы актриса журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жауап берген.

Актрисаның айтуынша, өмірді қиындатпайтынын, балалы болмадым деп сары уайымға салынбайтынын айтты.  

"Екі адамнан болған нәрсе. Мен балам болмады деп еш уақытта уайымдаған адам емеспін. Сары уайым дегеннің не екенін де білмеймін, драмманың адамы емеспін. Өмірде ештеңені қиындатпаймын. Баламды асырамай отыр деп күйеуге де ренжімеңіздер. Бала - ортақ. Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын. Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген", - деп қысқа қайырды Бадықова.