Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
«Биі қатты ұнады»: Айгерім Қалаубаеваның бейнебаяны қызу талқыланды
видеодан скриншот жасалды
7,152
оқылды

Белгілі әнші Айгерім Қалаубаеваның жаңа бейнебаяны желіні шулатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Су жаңа «Жүрек неге жылайды?» бейнебаянында ол 18 жастағы қыздай қимылдап, көпшілікті таңғалдырды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі «40-тағы әйел ғой, әйтпесе бізден мықты билейді!», «Не деген пластика, харизма ұрып тұр ғой бұл қызда!», «Қартаймайды екен бұл әпшем!», «Биші ғой енді, билемесе күнә шығар», деп қолдаса, енді біреулер әншіні қатаң сынға алды.

Көпшілік «Жасы 40-та, енді сабырлы болу керек қой», «Қазақ әйеліне мұндай образ жараспайды», «Бұрын мәдениетті еді, енді хайп қуып жүр», – деп пікір білдірді.