Қайғылы оқиға түнде болған.
Атыраулық әйел күйеуін пышақтап өлтірді
2,114
оқылды

Тұрмыстық жанжал кезінде әйел азаматтық некедегі күйеуіне пышақтаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің арасында жанжал туындап, соңы әйелдің ер адамға пышақ салуымен аяқталған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.