Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады.
Qazaq Air әуе компаниясының ұшқыштары жалақы көтеру туралы талап қойды
Фото: gov.kz
273
оқылды

Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді.

Ақпарат үшін: Qazaq Air әуе компаниясының 49 %-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы "Самұрық Қазынаға", ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.