Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады
"Тігіншілікпен айналысады": Перизат Қайрат колонияда жұмыс істеуі мүмкін
760
оқылды

Сотталған Перизат Қайрат алдағы уақытта тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жеткізіліп, сол жақта жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді. 

Айтуынша, Перизат Қайрат колонияға жеткізілгеннен кейін белгіленген карантиннен өтеді. Содан кейін мамандар оның еңбекке қабілеттілігін анықтап, сәйкес жұмыс түрін таңдайды. 

– Тігін өндірісі немесе мекеме ішіндегі шаруашылық бөлігіндегі жұмыспен айналысады. Ал енді төленетін жалақысы, істеген ісіне қарай алатын болады. Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады, – деді ол.

Айта кетейік, шілде айында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шықты. Қызы 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды.