Кездесу барысында Министр Ұйымның 80 жылдығымен құттықтап, оның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Сыртқы істер министрі ФАО Бас директорымен кездесу өткізіп, «Қазақстан» бөлмесінің ашылуына қатысты
Фото: gov.kz
1,329
оқылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жұмыс сапары аясында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан СІМ басшысы ҚР мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру басталғанын атап, осы бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Тараптар өзара іс-қимылды ілгерілету жолдарын талқылап, су ресурстары саласындағы серіктестіктің екінші бағдарламасын құру мүмкіндігін қарастырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.