Соңғы жылдары отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы түбегейлі қайта қаралды.
Отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу үшін арнайы бөлімшелер құрылды – министр
Фото: Polisia.kz
667
оқылды

Бұзақылықпен күресті күшейту мақсатында елде арнайы қабылдау орындарының саны артады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Енді бұл жұмыс анықтау сипатына ие болды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыс ретінде қарастырылатын болды. Нәтижесінде, тұрмыста жасалатын көптеген құқықбұзушылықтарға жол берілмеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімшелер құрылды. Бұзақыларды оқшаулауға арналған арнайы қабылдау орындарының санын көбейту секілді өзге де шаралар қабылдануда, – деді Ішкі істер министрі  Ержан Саденов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.