Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейді.
"38-аптасында босанды": Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жүкті болған
625
оқылды

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сынып оқушысы жүктіліктің 38-аптасында босанды,  деп хабарлайды Аikyn.kz.

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқушы қазір медициналық мекемеде жатыр. 14 жастағы оқушы 13 қазанда босанған.

"Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы демалыс лагеріне тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен тексеру кезінде. Бұл жағдайлардың ешқайсысында дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін тіркемеген", – деп хабарлады Ақтөбе облысының Білім басқармасы.

Бұл жайтқа өңірдің Полиция департаменті өкілі пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында",  деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев.

Облыстық полиция  баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды.