Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбутәліп Мүтәліні тіркеді.
Әбутәліп Мүтәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді
Фото: gov.kz
911
оқылды

Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә. Мүтәліні тіркеу туралы» қаулы қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 12, 45, 46, 97-1, 98-баптарына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2025 жылғы 14 қазандағы №010PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы  қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілсін.
  2. Әбутәліп Мүтәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
  3. Әбутәліп Мүтәліге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Әбутәліп Мүтәліге Парламент депутатының куәлігі пен омырауға тағатын белгіні табыстап, депутаттық қызметіне табыс тіледі, – делінген Орталық сайлау комиссиясының ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.