Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыс барысында Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы және Париж Олимпидасының жүлдегерін ұтып, сенсация жасаған еді. Нәтижесінде, ол 5-орынға тұрақтаған болатын.
Осы жаһандық додада ел қоржынына Иусуф Мациев екінші жүлдені алып келді.
Грек-рим күресінен 97 келідегі Иусуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді.
Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ұтты.
Иусуф Мациев бұған 2022 жылы Болгария төрінде 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да күміс медальді мойынына таққан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.