Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр.
Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты марапаттады
Фото: Ақорда
1,329
оқылды

Президент белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері  Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады. Оның ішінде спортшы Шавкат Рахмонов та бар.

«ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.