Жарыс Бахрейнде өтіп жатыр
Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
1,005
оқылды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Екатерина Михайленко ұзындыққа секіруден 5.74 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 01:01.36 уақыт көрсеткішпен мәреге екінші болып жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Вероника Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші нәтиже көрсеткен еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз