Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ
© сурет интернеттен алынды
144
оқылды
Қымбатты отандастар! Бүгінде бәріміз коронавирус­тың жаһандық пандемияға ұлас­қанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішін­де Қазақстанның да аумағына та­ралуда. Індеттің географиялық өрісі үз­діксіз кеңейіп, құрбандарының са­ны да өсіп келеді. Бұл жағдайды халықаралық эко­номикалық дағдарыс – ши­кі­зат, валюта және қаржы нарық­та­рының құлдырауы ушықтыра түсуде. Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық. Басқаша айтқанда, біз қазір «дү­лей дауыл» деп сипаттауға бо­ла­тын үлкен қауіп-қатер алдында тұр­мыз. Шешу жолдарын табу тұрғы­сы­нан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-жыл­дар­дың басындағы жағдайға ұқ­сай­ды. Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік. Осындай ауыр кезеңде мен бар­­лық қазақстандықтарды ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкі­мет тарапынан іске асы­ры­лып жат­қан шұғыл шара­лар­ды қол­дауға ша­қырамын. Ел билігі коронавирустан қор­ғану үшін оның алдын алуға ба­ғытталған кешенді шаралар қа­был­дады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қа­жетті қадам. Ондағы мақсат – біз­дің аза­мат­тарымыз бен мемлеке­тіміз­дің мүд­десін қорғау. Қазір коронавирус инфек­ция­сының залалын азайту және эко­но­миканы тұрақтандыру жө­нін­дегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатыр. Азық-түлік пен ең қажетті тауар­­лардың, медициналық мақ­­сат­қа арналған заттардың тап­шы­лығына жол бермеу үшін барлық жағ­дай жасалуда. Мемлекеттің әлеуметтік мін­деттемелерінің бәрі де орындалуда. Елдегі құқықтық тәртіп қам­та­ма­сыз етіліп отыр. Отандық кәсіпкерлерге, ша­ғын және орта бизнеске жан-жақ­ты қолдау көрсетіліп жатыр. Жұмыс орындарын сақтауға ба­­рынша күш салынуда. Мемлекеттік деңгейде қабыл­да­­нып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алын­ды. Мен мұны толық қолдаймын! Сонымен қатар қазіргі дағда­рыс ұзағырақ уақытқа созылар бол­са, Үкімет оған қарсы шаралар әзір­леуге тиіс. Ондай жағдайда елімізді жә­не азаматтарымызды қатаң үнем­шіл­дікке, кешенді орнықты даму бағ­дарына шығуға дайындау керек.   Құрметті қазақстандықтар! Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз ба­рын білесіздер. Осынау сын сағатта ортақ істен еш­кім де сырт қалмауға тиіс. Біріншіден, Үкімет бюджет са­­­ласы қызметкерлерінің, сту­дент­­­тердің, шағын және орта биз­нес­­­тің ауыртпалығын жеңілдету ба­­­ғытындағы нақты қадамдарын жа­рия етті. Бірақ тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады. Зауалды еңсеру үшін басқа да қо­­сымша ресурстарды жұмыл­дыр­ған жөн. Әрбір азамат өзінің қолынан ке­­летін үлесін қосуға тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұрт­­­­­­қа көмектескісі келетін және жәр­­­­­дем бере алатын адамдардың қ­а­­­ра­жаты жинақталатын Рес­пуб­ли­­калық қор құруды ұсынамын. Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қол­дауын көрсетеді деп сенемін. Ондай қорларды әрбір облыс ор­талығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет. Ол жұмысты тиісінше сол жер­лер­дің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс. Бүкіл халық, қалың ел, жал­пақ жұрт болып жұмылудың жар­­­қын үлгісі мен тиімділігін біз Арыс қа­­­­ласын апаттан кейін же­дел қал­пы­на келтірген кезде көр­сеткен едік. Екіншіден, мен қазірдің өзінде ұлт­­тық бизнес өкілдерінің ел-жұрт­қа көрсетіп жатқан көмегі үшін ри­за­шылығымды білдіремін. Мұндай мәрттік жалғасын тауып, оған қосылатын бизнес өкіл­­дерінің саны көбейе түседі де­­ген үміттемін. Компания иелері өздерінің қоластында еңбек етіп жүрген жан­­дарға қаржылай да, моральдық тұр­ғыдан да жәрдемдеседі деп се­не­мін. Мәселен, уақытша демалысқа жі­беруге мәжбүр болған жағдайда ең­беккерлерді ақылы түрде босат­қан немесе қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен абзал. Отандық бизнес өкілдерін жал­­дамалы қызметкерлерді жұ­мыс­­тан шығармауға шақырамын. Сіздер жұмыс орындарын сақ­­тау арқылы қоғамға қам­қор­лық­тарыңызды көрсетесіздер. Еліміздің кен өндірісі мен ши­­кізат ресурстарын өңдеу жә­не өнеркәсіп саласындағы ірі ин­весторлар да Үкіметпен, әкім­дік­термен бірлесе отырып, өздері жұ­мыс істеп жатқан өңірлердің тұр­ғындарына қолдау көрсетуге тиіс. Қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қа­сиет. Үшіншіден, қазіргі уақытта ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көр­­­­­­сету керек. Менің тапсырмаммен Nur Otan партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бө­лін­ді. Бұл қаражат карантин жария­лан­ған Нұр-Сұлтан және Алматы қа­лаларындағы әлеуметтік жағ­дайы төмен азаматтарға атаулы кө­мек көрсетуге жұмсалады. Коронавирус инфекциясының та­ралуына жол бермеу үшін менің ше­шіміммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион тең­ге бөлінді. Жалпы, коронавирусқа қарсы кү­­реске арналған қаражаттың дұ­­рыс жұмсалуын Nur Otan пар­тия­сы бақылауында ұстайды деп ой­лаймын. Төртіншіден, үлкен кісілерді, ба­лалар үйі тәрбиеленушілері мен арнаулы ауруханалардағы нау­қас­тар­ды қажетті заттармен үз­бей қам­тамасыз етуге баса көңіл бөлген жөн. Еліміздің көмекке мұқтаж әр­бір азаматына қамқорлық көр­сетілуге тиіс. Қазақстандықтар қиын ке­зең­дерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен. Бұл іске еріктілер қозғалы­сы­ның өкілдері де атсалысады деп сенемін. Бесіншіден, біз пандемиямен күрестің «алдыңғы шебінде» жүрген дәрі­герлер мен медбикелерді, құ­қық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерді қолдауымыз ке­рек. Олардың иығына ауыр жүк тү­сіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Жұртшылықтың оларға кө­мек­тесіп, түсіністік танытуға жә­не бар­лық нұсқауын жауапкер­шілік­пен орындауға тырысқаны жөн.   Қадірлі отандастар! Біздің бірлігіміз – қазіргі қиын­дықты еңсерудің кепілі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұ­дан да күрделі кезеңдерді бастан өт­кердік. Барлық ауыртпалықты жеңіп, әрдайым ортақ Отанымыздың гүл­денуі жолында еңбек етіп келеміз. Осы жолғы сынақты да ел бо­лып еңсереміз деп сенемін. Қазақстанның жолы қиын­дық­сыз болмайтынын мен тәуел­сіз­діктің бастапқы кезінде-ақ біл­­­генмін. Бұл ретте тарих пен уақыт біз­дің жоспарымызға өзгерістерін ен­гізетінін ескерген едім. Жайма-шуақ кездердің өзінде де біз алдымыздан шығуы мүмкін сын-қатерлерге дайындалып, ал­ма­ғайып уақыттарда қажет бо­ла­тын резерв қалыптастырдық. Жинақталған алтын-валюта қо­ры мен Ұлттық қор қаражаты әр­­дайым біздің қабылдаған ша­ра­­ларымыз бен жалпы ұлттық эко­­номиканы қолдауға септігін ти­­гізді. Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қа­­­жетті ресурс бар, қор да жет­кі­лік­ті. Бұл – біздің «Алдымен эконо­ми­ка, сосын саясат» қағидатына негізделген бағыт-бағдарымыздың нақты нәтижесінің бірі. Жаңадан мемлекет құру оңай емес, ал оны сын-қатерден қорғау жә­не тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын. Бізде тәжірибе де, нақты іс-әре­кет алгоритмі де бар. Мен ұлтты ұйыстырудың, бір­лік пен қоғамдағы келісімнің маңыз­дылығын үнемі айтып келемін. Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды. Еліміздің барлық азаматтарын тө­зім­ділік танытуға, мемлекет қа­былдап жатқан шараларды қол­дау­ға шақырамын. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ. Келе жатқан Наурыз мейра-мы – біздің бірлігіміздің нышаны. Шуақты мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа шаттық пен игі­лік тілеймін! Барлық ауыртпалық бізді ай­на­лып өткей. Қазақстан бұл қиындықты да ең­серіп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін. Біз біргеміз!