Оның есімі UFC-дің ресми тізімінен алынып тасталды.
Азат Мақсұм UFC ұйымынан шығарылды
1,368
оқылды

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Азат Мақсұм (15-3) UFC ұйымының спортшылары тізімінен шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Мақсұм Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде америкалық Митч Рапосоға (9-3) қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесуде фаворит саналған қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен (26-30, 27-29, 27-29) жеңілді.

Бұл – UFC-де төрт жекпе-жек өткізген Мақсұмның үшінші жеңілісі. Осы нәтижеден кейін оның есімі UFC-дің ресми тізімінен алынып тасталды.

«Шығарылған спортшы: Азат Мақсұм», – деп жазды Half The Battle Podcast подкастының жүргізушісі Дэниел Леви.

Айта кетейік, төрешілер Тони Уикс пен Клеменс Вернер кездесуді 29-27 есебімен америкалық спортшының пайдасына бағаласа, Бен Картлидж 30-26 ұпай беріп, барлық раундта Рапосо басым болды деп санады. Үшінші раундта төреші қазақстандық спортшыдан бір ұпай шегерген болатын.