Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.
Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.