Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Нұртай Наров Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Нұртай қола жүлде үшін өткен белдесуде Нарантулга Энхбаатармен (Моңғолия) кездесті. Нәтижесінде қазақ балуаны 11-0 есебімен жеңіске жетті.