Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Фатима Сұпығалиева Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК
582
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.