Кәсіпкер күні не болмақ?
Кәсіпкер күні не болмақ?
207
оқылды
Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі кәсіпкерлер үшін үлкен соққы болары даусыз. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жа­рия­ланған ка­ран­тин ел экономикасына кері әсер етеді. Себебі екі қала да республикалық бюд­­­жетке қаржы құятын донорлар еді. Бұл екі қа­ланың да табысы шағын және орта биз­нес­тен түседі. Үкімет те шағын және орта бизнес субъектілерінің қар­­­­жылық жағдайының на­шар­лауына жол бермеу үшін қолдау шарасын ой­­ластырып жатыр. Нәтижесін алдағы тоқ­санда біле жатармыз. Ал әзірге кәсіп­кер­лер кей­бір қолдау шараларымен келіспей отыр. Ол туралы сәл кейінірек. Әуелі отандық биз­нес үшін жасалған қолдау туралы айтсақ.  

Қарызды төлеу 90 күнге ұзартылды

Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес несие бойын­ша міндеттемесін орындамаған қа­рыз алушы тө­тенше және тойтаруға бол­майтын жағдайға тап бол­ғанда мүліктік жауап­кершілікті атқармайды. Мұн­дай жағ­дайға 16 наурызда төтенше жағдай ре­жи­мі­нің енгізілуі де жатады. Соған байланысты жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микронесиелерінің айыппұлы мен өсім­пұлы есептелмейді. Бұл норма жеке жә­­не заңды тұлғаларға, банктермен қатар, лом­­бард­тар­ды, несие серіктестіктеріне, қа­рыз бе­ретін барлық кре­диторды қоса ал­ған­да, мик­роқаржы ұйымдары бер­ген қарыз­дар­ға да қолданылады. Ал банктер мен микро­қар­жы ұйымдары қаржылық жағ­дайы нашарлаған кәсіпкерлер үшін қарыз төлемін 90 күнге дейін шегеруі тиіс. Қаржы на­ры­ғын реттеу және дамыту агент­­тігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, «Банктер және банк қызметі туралы» заңда кредиторлар шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсартқан жағдайда олар­ды біржақты тәртіппен өз­гертуге құқылы. Осыған орай, банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық жағдайы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъек­ті­леріне негізгі борыш пен сыйа­қыны қоса алғанда, төлем мер­зімін 90 күнге дейінгі мер­зімге кейінге қалдыру жұ­мы­сын жүргізуі керек. Айта кетейік, бұл баста­ма­ны еліміздің екінші деңгейлі банк­терінің басым бөлігі қол­дады.  

Әкімшілік жауапқа тарту кейін­ге қалды

Қаржы министрлігінің Мем­­­лекеттік кірістер комитеті де бизнес субъектілеріне бір­қа­тар мемлекеттік қолдау көр­се­тіп отыр. Биылдан бастап ар­найы салық режимі бойын­ша есеп айырысатын микро жә­не шағын кәсіпкерлік су­бъек­тілері 3 жылға салық тө­леу­ден босатылғаны белгілі. Бұл субъектілерді тексеруге мо­раторий жарияланғанын да білеміз. Енді елімізде төтенше жағ­дайдың енгізілуіне бай­ла­ныс­ты қарым-қатынасты азай­ту үшін заңды және жеке тұлға­лар­ға декларация тапсыру мер­зімі 30 күнге шегерілді. Төтенше жағдай кезінде ка­­мералдық бақылау қоры­тын­­ды­сы бойынша хабарлама жі­беру де тоқтатылды. Соны­мен бір­ге нысандарға барып ке­ден­дік және салықтық тек­серіс­тер жүргізу азайтылады. Әкім­шілік жауапкершілікке тар­ту мәселесі де төтенше жағ­дай мерзімі аяқталғаннан кейін қарастырылады. Бұл жеңіл­діктерді алу үшін жұмыс беру­шілер наурыз айында тө­ле­ген жалақының салығын 25 сәуірге дейін төлеуі керек.  

«Атамекен» мен «Самұрық-Қазына» неге келіспеді?

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау туралы ше­шім қабылдады. Атап айт­қан­да, қор отандық тауар өн­діру­шілердің сатып алуға қа­тысу мүмкіндігін кеңейтті. Қор стан­дартында тапсырыс беру­ші­ге, жобалаушыға және мер­ді­герге қазақстандық тауар өн­дірушілердің өнімдерін қол­дану талабы белгіленді. Олар тен­дерлік өтінімді қамтамасыз ету­ді енгізуден және шарт­тар­дың орындалуын қамтамасыз ету­ден босатылады. Қала құ­рау­­шы кәсіпорындармен және ша­­ғын қалалармен тап­сы­рыс­тар­ды мақсатты орналастыру, өн­дірістік қуатты жүктеу ба­ғы­тында ынтымақтастық мүмкін­ді­гін және тауарларды жеткізу­ге аванс беру мүмкіндігін қа­рас­тырады. Қордың дерегіне сүйен­сек, жыл басынан бері 2 360 отандық өнім беруші қор то­бы компанияларынан 216 млрд теңгеге тапсырыс алған, бұл жұмыс әлі де жалғасады. Айтқандай, «Самұрық-Қа­зына» сатып алуға қатысу ке­зін­де отандық кәсіпкерлерден сертификаттарды (СТ-КЗ, индустриялық сертификаттар) та­лап етпейміз деп отыр. Яғни, енді «Самұрық-Қазына» үшін әкім­дер бекіткен тауар өн­діру­ші мәртебесін растайтын тізім жет­кілікті болмақ. Алайда Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы қор ұсынған бұл жеңілдікке қарсы екенін мәлімдеп үлгерді. «СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертифи­кат­тар заңда өндіруші мәрте­бе­сін және жергілікті қамтуды рас­тайтын құжат ретінде бел­гі­ленген. Ал әкімдіктер отан­дық өндірушінің мәртебесін растау құзыретіне ие емес. Бұ­дан бөлек, қор әкімдіктер та­ра­пынан әрекет етудің нақты тәр­тібі және өндіріске қойы­ла­тын критерийлерді ұсын­ба­ған. Олай болса, өндірушілер­дің тізімін құру кезінде әкім­дік­тер тарапынан сыбайлас жем­қорлық тәуекелі пайда бо­лып, жалған өндірушілерден сатып алу қатері жоғарылай­ды», – дейді ҰКП басқарма тө­ра­ғасы Абылай Мырзахметов.  

Инвестжобаларды қоя тұрсақ...

Мемлекет басшысы 16 нау­рыз­дағы телеүндеуінде отан­дық кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында ел қазынасынан кем дегенде, 300 млрд теңге бө­лі­нетінін айтты. Сонымен қа­тар қарапайым заттар эко­но­микасын дамытуға басымдық берілетінін де тілге тиек етті. Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сы отандық бизнесті қолдау үшін дәл қазіргі күні жұмыс іс­теп тұрған кәсіпорындарды сақ­тауға басымдық беруді ұсы­нып отыр. «Жаңа бастамаға (ин­вест­жоба – ред.) кім қаражат са­ла­ды? Бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жұмыс орын­­дарын сақтап қалу аса маңыз­­ды. Егер осыған дейін «Қа­рапайым заттар эконо­ми­касы» бағдарламасы бойынша қар­жыландырудың бір бөлігі жұ­мыс істеп жатқан кәсіпо­рын­дарды қолдауға, қалған бө­лі­гі инвестициялық жоба­лар­ға жұмсалған болса, қазіргі жағ­дайда барлық қаражатты жұ­мыс істеп тұрған кәсіп­орын­дардың айналым қаражатын тол­тыруға бағыттау қажет», – дей­ді ол. Кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкі­мінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин режиміндегі қалада азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарының үздік­сіз жұмысы қамтамасыз еті­летінін мәлімдеді. «Бизнес ор­талықтар, стоматологиялық клиникалар және шаштараз қыс­қартылған (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) жұмыс ре­жи­міне өтті. Құрылыс және мер­ді­герлік ұйымдар әдеттегідей жұ­мыс істейді, бірақ са­нитар­лық-эпидемиологиялық стан­дарт­тардың сақталуы маңыз­ды», – деді. Ол сонымен қатар ірі сауда ор­талықтары мен мейрам­ха­на­лардың жұмысы тоқтайтынын, сондықтан аталған нысандағы бизнес субъектілер карантин­дегі «каникул» кезіндегі мерзім үшін арендаға алған кеңсенің жал­дау ақысын төлемейтінін жет­кізді. Алайда елордадағы бір­қатар сауда үйінің қожайын­дары сауда нүктесін жалға ал­ған кәсіпкерлерден каран­тин кезінде жұмыс істемеген күн­дер үшін де жалдама ақы­сын тө­леуді талап еткені тура­лы бей­ресми ақпарат тарап үлгер­ді. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтынын ескерсек, қала әкімдігі ірі сауда орталық­тарының иелерімен келіссөз жүргізіп, келісімге нүкте қоюы тиіс-ақ. Әйтпесе, кәсіпкер кім­ге сенерін білмей сенделіп қа­­лары анық... Ондайда кәсіп­кер күні не болмақ?  

 width=Халима БҰҚАРҚЫЗЫ