Елдік пен теңдік кепілі

Елдік пен теңдік кепілі

Қазіргідей күрделі шақ – қасаң қағидалар, қаптаған қаулылар қауызынан шыға алмайтын білімі таяз шенеуніктері көп мемлекеттің соры. Ал жасампаз, жігерлі мемлекеттік қыз­метшілері басым елдер дағдарыс кезеңінен жаңа мүм­кіндіктерді таба біледі. Елбасының билікті бас­қару­шы­лар­дың жаңа буынына тапсыруы да осы игі мақсаттан туған. Әлемдегі ахуалдың адам бол­жап білмес бағытта және көз ілес­­­пес жылдамдықпен өзгеруіне орай Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті мемлекеттік аппа­рат­ты жаңарту және жасарту сая­са­тын ұдайы жүргізіп келді. Осы­ның арқасында заманауи білімі бар, прогрессивті кадрларға өз та­ланты мен білімін паш етуге мүм­кіндік ұсынылды. Нәтижесі жаман емес. Мы­са­лы, Үкімет мүшелерінің көбі – жас­тар, орта жастағылар. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің мәліметінше, 2020 жыл басына қарай Қазақстандағы мем­лекеттік қызметшілердің нақ­­ты саны 89 мың 5 адамды құ­ра­ды. Соның ішінде бастықтары, яғни саяси қызметшілер – 699. «А» корпусының әкімшілік қыз­метшілері – 80 тұлға. Ше­неу­нік­тер­дің ең үлкен бөлігі – «Б» кор­пу­сындағы әкімшілік қыз­метші­лер­дің нақты саны – 88 226 адам. Мемқызметшілердің орташа жа­сы – 39 жас. Бұл ретте саяси қыз­метшілердің орташа жасы – 47,5 жаста. Әкімшілік қыз­мет­шілер­дің «А» корпусындағылары­ның орташа жасы – 45 жас. Шен­ділердің ұстынын құрайтын «Б» корпусында бұл көрсеткіш не­бәрі 38,9 жас.  

Даңғой даурықпалығы, жыл­пос жылмақайлығы, пай­да­кү­нем­дік-парақорлығы жоқ, кере­нау­лық пен кесірлі кеселдерден ада, өршіл де өжет мінезді, ақылы кенен, білімі терең мамандар қай саланың да бағын ашады. Мұндай азаматтар мемлекеттік қызметке не­ғұр­лым көп тартылса, мемле­кет­тің де тұғыры мықты болмақ.

  Қазіргі заманда кез келген мем­лекет жоғарыдан түскен нұс­қауға ғана бағынып бас иземейтін, бас­тамашылдық пен жасам­паз­дық танытатын кадрларға зәру. Қай­ратсыз көнбіс, ақылы қара ба­сынан артылмайтын қайрансыз шен­ділер ең жақсы реформаның өзін жарға жығады. Саясаттанушы, Президент жа­нындағы Ұлттық қоғамдық се­нім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайы­ров елдегі билік транс­фор­ма­­­циясы Қазақстанның саяси та­рихындағы күрделі кезеңде жүр­гізілгеніне назар аудартады. Қо­ғамда пікірлер әралуан­ды­лы­ғы­на деген қажеттілік артты. Адам­дар өз пікіріне биліктің құ­лақ салғанын қалады.
«Жастар радикалды және өз тү­сінігінше, әділетті рефор­ма­лар­ды талап етті. Яғни, билік құ­ры­лымдарынан тыс қоғам ішінде тек­тоникалық өзгерістер пісіп-же­тілді. Бұл драмаға толы жағ­дай­да шұғыл және бірізді шаралар қабылдау қажет болатын. Ол Елбасының қолынан келді. Бізде бүгінде биліктің эволюциялық сабақтастығы моделі түзілуде. Тұң­ғыш Президент Нұрсұлтан На­зарбаев билікті заңды және бей­біт тапсыру үшін заңнамалық жә­не конституциялық дең­гей­лерде ұстын-негіз әзірледі. Ал Пре­зидент Қ.Тоқаев өзін тиімді ме­неджер ретінде көрсетіп ке­леді. Биліктің трансформациясы үдерісінде биліктің қос буыны – бірінші және екінші президент арасындағы келісім мен үйлесім маңызды», – дейді Ерлан Сайыров.
Сарапшы байламынша, бас­қарушылардың әртүрлі буын­да­ры­ның саяси құндылығы өзара ұқ­сас, сабақтас болуына мән бер­ген жөн. Мемқызметшілер аза­маттардың гуманитарлық сұ­раныстарына, әлеуметтік қа­жет­ті­ліктеріне уақытылы ден қоюға, сөз еркіндігі мен пікірлер алуан­ды­­лығы жағдайында жұмыс іс­теу­ге үйренуі қажет. Қоғам қайраткері, пре­зи­денттік додаларға үміткер болып қатысқан саясаткер Әбілғазы Құ­сайынов Қазақстанның да­муы­ның берік іргетасын да Ел­басының қалағанына назар ау­дартты. Еліміз тәуелсіз өркен­деуі­нің отыз жылдығында екі әлем­дік дағдарыстан лайықты өтті. Үшінші әлемдік күйзелісті ко­ронавирус тудырып жатыр. Бірақ Тұңғыш Президенттің кө­ре­­ген саясатының арқасында Ұлт­тық қорда жинақталған ре­зерв­тер мемлекетімізге ол қиын­дық­тарды да еңсеруге мүмкіндік береді. Ал Азаттықтың алғашқы жылдарында, 1993 жылы қолға алынған «Болашақ» және басқа да жас кадрларды тәрбиелеуге ар­налған бағдарламалар елді жар­қын болашаққа бастар бас­қарушылардың жаңа форма­ция­сын қалыптастыруға ықпал етті. Президент Қ.Тоқаев осы са­раб­дал саясатты жалғастырып, жас кадрлар резервін нығайтуға, жас­тарды биліктің барлық құры­лым­дарына тартуға көңіл бөліп отыр. Даңғой даурықпалығы, жыл­пос жылмақайлығы, пай­да­кү­нем­дік-парақорлығы жоқ, кере­нау­лық пен кесірлі кеселдерден ада, өршіл де өжет мінезді, ақылы кенен, білімі терең мамандар қай саланың да бағын ашады. Мұндай азаматтар мемлекеттік қызметке не­ғұр­лым көп тартылса, мемле­кет­тің де тұғыры мықты болмақ. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан На­зарбаев 2015 жылы өткен Жас­тар форумында әрбір жас көш­басшының бойында қандай қа­сиет­тер болуы тиіс екенін айт­қа­ны бар. Ең алдымен, ол ұлттық құн­ды­лықтарды ұлықтай білуі шарт. Со­нымен қатар отаншыл болуы керек.
«Біздің тарихымыз – бірігудің та­рихы екенін әрдайым есте сақ­тау керек. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы еке­ніңді мақтан ете білу. Еліңнің жар­қын болашағын жасауға өз үле­сіңді қосу. Біз Мәңгілік елді бір­ге құрамыз. Биік шыңдарға бір­ге жетеміз, оның алдында сіз­дер боласыздар», – деді Елбасы.
Жас ұрпақ дарыны мен ең­бе­гін Отанға арнағанда ғана қа­зақ елі елдігін, тәуелсіздік-теңдігін жә­не жерінің кеңдігін сақтап қа­ла алмақ.  

Айхан ШӘРІП