Авторы: Арын
Ол Гётцены алғаш рет жазда көрді. Алматыдан бірінші курсты аяқтап болған соң, жаздық демалыста Арын Қостанайдағы “Ырысты”(жұрт бұл ауылды Рысты дейтін) ауылына ата-апасына жол тартты. Тұңғыш немересі түстік жердегі атасының үйінен басқа жан баласын танымайтын шалғай мекенге өз еркімен емес, тойға шақырылған қонақ ретінде әке-шешесімен келді. Әдетте атасы мен әжесі Алматыға өздері іздеп келмесе, ол болмаса ес білмейтін кішірек кезін санамағанда, есейіп келген тұңғыш кезі тұғын.
Ата-әжесі ыстық ықыласпен бұларды қарсы алды. Құшырланып маңдайынан иіскеді. Әуелі ер жетіпсің деп мақтады, артынша көп келмейсің деп ренжіп, кейіді. Содан соң кешке болатын той мәселесін сөз етті. Тойдың боларынан боладысы қызық дегендей апасы қолына балпанақтай аппақ ұлды алып шықты. Бұларға көзі бақырайып қарап қалған тұсаукесер тойы болғалы жатқан атасының кіші немересі Жантөре еді. Әулет басы қосылып, осылай мәре-сәре боп тұрғанда, бұлардың көңілін тағы бір дүние бұрды. Арын сол кезде байқады. Көрші-қолаң, қатын-қалаштың түгелі дерлік арыда тұрған, көнетоз тоқалтамға қарай бағыт алған мәдениетті жолаушыны көріп, күңкілдесе бастады.
Егер бұл ауылдан Гётце жайлы сұрасаңыз, түрлі жауап алуыңыз әбден мүмкін, бірақ қарсы жауап ретінде сіз міндетті түрде жылы жымиыс пен терең толғанысты аласыз. Бірақ ауыл адамдары оны өз атымен Гётце демей, “Көзе шал” немесе “Жылауық Көзе” атап кеткен. Мүмкін атауға расымен есімі қиын болғандықтан шығар... Арын бірінші көргенде оған ұзақ қарап қалған-ды. Жүрісі сенімді, үстіне қоңыр пиджак ілген, еңсесі көтеріңкі, келісімді сақал-мұрт қойған, аппақ шашын мұқият тараған қартаң кісі жол бойы кездескен ауылдастарымен әңгіме өрбітіп үлгеріп жүр. Бірақ Арынның назарына айрықша түскені – оның көк-көңбек көзі еді.
– Ей қалайсың-ей аманбысың, келіпсің ғой! – деп шалдар артынан қағып, саулық сұрасып жатыр.
– Немерең қалай, Ақанжан өсіп жатыр ма?
Гётце жылы шырай танытып, асықпай бәріне жауап қайырды. Содан соң той иелеріне жақындап, амандық сұрасты.
– Ассалаумағалейкүм, амансыздар ма?! – дей бергенде Арын таңырқап қарап қалған.
– Аман ба, Көзе?! Алматыға жақсы барып келдің бе? Қызың қалай, немере өсіп жатыр ма?
– Шүкір Сәке, аманшылық. Өздеріңіз қалайсыздар?
– Е дұрыс екен, кешкісін тойға кешікпе, мынау менің тұңғыш немеремді білесің ғой Арын – деп абдырап қалған немересін нұсқады.
Гётце Арынға мейірбан көзімен бір қарап, маңдайынан сүйді.
– Әкесінен аумай қалған екен!
Сақыпбек ақсақал оны ішке асқа шақырып еді, ол сыпайылықпен бас тартты. Сосын иығын тік ұстаған қалпы үйіне қарай беттеді.
– Бұл кім, ата? – деді Арын.
– Өзіміздің осы ауылдың шалы – жылауық Көзе ғой кәдімгі! – деді әжесі дәл осындай адамдар күнде кездесіп жүргендей қалыпты үнмен.
Неге “жылауық” атанғанын сұрағысы келді бірақ, бірден ол ойынан айнып қалды.
– Орыс па? – деді ылдиға әлдеқашан түсіп кеткен адамның артынан қарап тұрып.
– Жоқ, неміс. Сәбет кезінде 41- жылы Сталинның бұйрығымен соғыс басталғанда Еділ маңынан көшіп келген. Содан бері осында? – деді Сақыпбек атасы.
Бұл жұмбақ тәрізді адамның өмірі Арын үшін сол сәттен бастап қызық көрінді.
Той дуылдап өтті. Бет жүзі еміс-еміс есінде қалған туыстары Арынды бетінен шөпілдетіп сүйді. Бауырының қадамы нық болсын деп құтты болсын айтып жатыр. Сәбидің қадам жасауға тырысқан пәк ұмтылыстарын тамашалап болған соң, үлкендер жағы кезек-кезек шын ниеттерімен тілектерін жаудырып жатты. Ортаға орта бойлы қара мұрт қойған Тасыған шал шықты:
– Алматыдан келген ақбас қайда, сөзді соған берейік?! – деп абдырап, жан-жағына іздегендей болды.
Халық топан күлкіге қарық болды.
– Көрмейсіңдер ме немересін ойнатып, жүзі нарттай жанып тұрғанын?!
– Иә, бұл шал расымен немересін көрсе жасарып, жадырап шыға келеді – десті отырғандар.
– Осы ауылдың генерал тұрғыны, көнесі өзіңсің, ал сөйле ендеше ақсақал! – деп сөз берді.
Сөз кезегін Гётце алды.
– Кеш жарық, құрметті тойға жиналған қауым! Кішкентайымыздың қадамы нық болсын, Тәңірі жарылқасын! Маңдайы ашық, үлкен азамат болсын. Есімін Жантөре деп атасы қойған. Бұл жайдан жай емес! – деп сәл бөгеліп, жөткірініп алды. – Он сегізінші ғасырда Жантөре деген төре тұқымды, кіші жүздің сұлтаны болған. Сайыпқыран Сырым батыр Ресей отаршылығы мен оның сыбайластары болған кіші жүз хан-сұлтандарына қарсы көтерілгенде Жантөре өз әулетінің емес,(осы тұста сұқ саусағын жоғары бағыттады)Сырым батыр жағында күресті. Демек ұлы Абай данышпаным айтқандай атасының емес, халықтың баласы болсын! – деді.
Жиналған қауым бұл тілекке айызы қанып, пах шіркін деумен болды. “Шалың сөзді қатырады”, “Бәрекелді, мұнысы дұрыс екен” деген дауыстар шуылдап, қошеметтеп кетті. Ал кейбіреулері баланың есіміне енді ғана мән бергендей таңданып қалған.
Арыннан бір орын арырақта көзімен бір сүзіп, оныншыда оқитын Сағила кемпірдің немересі Азамат отырды. Оның Гётцеден көз алмай отырғанын аңғарса керек. Бірдеңе айтқысы келген тәрізді соған қарата оқталып, қарағыштай берді. Одан соң бірден:
– Кешке келесің бе? – деп сұрады.
– Қайда?
– Гётце ата концерт береді ғой.
– Қандай концерт?
– Сен өзің ештеңе білмейді екенсің ғой. Гётце ата көңілі көтеріңкі болса ауыл балаларын жинап, кешке ертегі – жыр айтады.
– Сен ше, барасың ба?
– Мен барамын, ол әңгіменің майын тамызады.
– Неге оны жылауық дейді?
Азамат күлді.
– Шал сәл алжыған, кейін өзің түсінесің!
Расымен Гётце байырғы қазақтың ет жеген соң қисса-дастан, жыр, ертегі айтатын дәстүрін сақтап қалған соңғы сарқыншақтардың бірі болатын.
Сүттей жарығын шашып төбеге ай көтерілгенде жұрт қатарлы Арын мен Азамат Гётценің үйінің алдына келді. Қатты кешіге қоймапты. Қараса үйдің алдына от қойылған. Айналасына бозбалалар мен күйкентайдай кішкентайларын ертіп алған жас келіншектер дөңгелене жайғасып алған. Оттың алдында Гётце сөйлеп тұрды.
– Өткенде Гензель мен Гретель туралы неміс ертегісін айтып берген – сыбырлады Азамат.
Бұлар да бөгелмей жайғасып отырды. Арын Гётцеге тағы қайран қалды. Жан еліттіретін қоңыр үні оны өзінің төңірегінен бөлек өзгеше басқа әлемге алып кеткендей. Ол жай ғана әңгіме айтқан жоқ, ол сол әңгімесін көрермендерінің алдында ойнап берді. Әуелі тамағын бір кернеп алып, көзін жұмып аспанға қарай мүлгіген сыңай танытып, біраз үнсіз тұрады. Содан соң төгілтсін-ай келіп. Кірпік қаққың келмейді. Қолын ары сермейді, бері сермейді, ертегінің қызық тұсына келгенде тыңдармандарына көз тастап, сәл кідіре тұрады. Сол сәтте демдерін ішіне тартып, ауыздарынан суы құрып бәрі жым бола қалады. Сондай түндерде тек Гётце мен жанып тұрған оттың даусы ғана естілуі тиіс. Қалғанының бәрі ұмыт болады...ұмытасың... Оттың жарығынан оның жүзіне түскен көлеңкесі бейне бір тылсым сиқырлы түннің шымылдығын ашқан тәрізді сондай үйлесім табады. Ал артында тізіліп тұрған жап-жарық жұлдыздар мен жарты ай оның әсем сахнасы іспетті. Осынау айтқан жыр ертегілерді тап өзі шығарғандай оның әр сөзіне сенесің.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Тізеліні бүктірдім.
Бастыны еңкейттім,
Түрік халқы үшін!
Бәрінің дерлік жүрегі шымырлап кетті. Гётце сақалын ызбарлана бір сипап, даусын күңірентіп, қаһарлы үнмен жыр толғағанда өткеннің қағандарына ұқсап кететін.
Рухани дәріс тәмамдалған соң, жиналғандар орындарын босатып шалға алғыс айтып жатты. Арын кете қойған жоқ. Гётцені бұдан да жақын танығысы келді. Шалдың артынан үйге алғашында қысылды, дегенмен басқа амалы қалмағандай еріп кірді. Гётценің жанарына қатты таңданыс тұнған жоқ. Баланы жылы лебізбен шақырды.
– Сақыпбектің немересі, отыр мұнда! – деп орындықты нұсқады.
– Қалай ұнады ма?
– Қатты ұнады!
Гётце жылы жымиып бұның басынан сипады.
– Қаласаң қазір тағы айтып берейін, жақсы болды ғой бүгіннен бастап екеуміз доспыз, менің қадірлі қонағымсың! Әуелі дәмнен ауыз ти, Абай данышпаным айтады ғой(Абайды айтқанда ылғи данышпаным тіркесін қосатын) “Әуелі мал тап, қарны аш адмның өнер-білімге деген қауқары қайдан болсын” деп. Содан соң қыртыс маңдайын жазып, қалт тынған.
– Атамды бұрыннан білесіз бе? – деп үнсіздікті үзді Арын.
– Атаңды осы ауылға ең алғаш келген күннен бастап білемін. Атаңды ғана емес, атаңның әкесін арғы атаңды да білемін – деді.
Гётце қарсы бетте тұрған қоңыр тартпаның ортасынан ыдыс алып Арынға құрт қосылған сорпа құйды. Содан соң терезеге көзін сығырайта қарап қолын жағына таянды.
– Бұл ауылға қалай келгенім әлі көз алдымда сайрап тұр. Өткен ғасырда бұл мемлекет Совет үкіметіне қарағанда елдің бәрін Сталин деген безбүйрек басқарған. 1941 жылы фашистік Германия мен нәсілдес сырқат санадағы халықпен бірге соғыс ашқан соң, сол Сталиннің бұйрығымен бізді Еділ маңынан Есілге осы мекенге көшіреді. Ол кезде мен бар жоғы сегіз жаста екенмін. Ештеңе деместен әке-шешем киіндіріп, бірге ұзыннан - ұзақ тізілген вагондардың біріне отырдық. Іші түнектей қап-қараңғы әрі суық болғаны есімде қалыпты. Қайда бара жатқанымды білмеймін, көретін терезе де жоқ, кішкентай бір саңылау таптым. Біраздан кейін сол саңылауға жақындап шұқшидым. Мен бір нәрсені ғана көре алдым: Кеңінен көсіліп жатқан дала. Пойыз шиқылдата шыңғырып тоқтап, вагондардың есігі ашылғанда мүлдем басқа әлемге келгенімді түсіндім.
– Ал Еділ маңына қалай келіп едіңіз? – деді Арын.
– Ааа... – деп сөз бастағалы жатқан Гётце арқасынан біреу қанжар сұғып алғандай баж ете келіп еңкілдей жыласын. Көк-көңбек көзі алайып, сол қолын аспандата жоғары көтерді де аузын ашты. Ағыл-тегіл аңырап жылады. Арын шошып кетті. Ата деп қолынан ұстауға ұмтылып еді, Гётце оның қолын қағып жіберді. Дауысы одан бетер зорайып, бүкіл үйді алғанда Арын шегіншектеп үйден шығып кетті. Өз үйіне қарай жүгіре жөнелді. Бағанадан бері жыр толғаған адамды екінші біреумен алмастырып қойғандай Гётцені еш танымады.
Арын үйге тынысы тарыла аптығып кіргенде, әжесі отырған орнынан селк етті. Жүгіре кеп жас баланы бас салған:
– Құлыншағым-ау не көрінді саған? Ұшынып қалғаннан саумысың?!
Арынды бауырына қысып, еш босатпай қайратты шаштарынан қайта-қайта сипалай берді. Арын Гётцеден келе жатқанын айтты.
– Пәлі, түн жарымда оның үйінде неңді жоғалтып едің, сол шалдан аулағырақ жүрші деп ем ғой, өзі біртүрлі кейінгі кезде алжып жүр.
Арынның киімін шешіп, мамық төсекке жатқызды. Арын өзін жас баладай сезініп біртүрлі қораштанып қалды. Тіпті апасының (өзінің көзіне солай көрінген болуы керек)шамадан тыс мейірбандығынан қашуға ұмтылып, тартыншақтай берген. Әжесі айтпа десе де неміс шалының біртүрлі қылығын сұрап еді әжесі:
– Бұл оның ауруы, ол тақырыпты мүлде қозғама. Туған жері туралы сұрама, Берлинді айтпа, кіші кезі туралы есіне салма шал соны естісе білмеймін жамандық шақырып аңырайды да отырады. Содан ғой “Жылауық Көзе дейтініміз”.
Арын бұл сөздерді түсінді, бірақ сырын ұқпады. Дегенмен жанарынан шуақ шашқан қарт ана бағана жамандап отқан шалды енді мүсіркей, аяғандай сыңайлы.
– Бұл жарықтық тағдырдың тауқыметін бір кісідей-ақ көрді дегенмен – тұнжырап күрсінді. – Ес білгелі қазақтардың ортасында, біз асыр сап қуана қалсақ, бізбен бірге той жасады, ал егерде ұнжырғамыз түсіп, қабырғамыз қайыса мұңая қалсақ, бізбен бірге шердің уын ішті. Шалдың біраз сауаты бар еді, мектепті тәмамдаған соң, Алматыға оқуын жалғастырам деген арманы болған. Қызылдар оқытпады. Жау, тыңшы болуы мүмкін деп рұқсат бермей қойыпты. Кейін үйленді. Бәйбішесі де өзі қатарлы осында жер аударып келген неміс қызы еді. Жаман аурудан кетті. Арттарынан тұяқ өрбімеді. Ол аз болғандай бәйбішесінің сүйегіне де жарымады. Ол өлген соң, алыстан неміс туыстары іздеп өздеріне алып кеткен. Бұнда қоюға болмайды, өзіміз арулап жоралғы бойынша қоямыз депті. Одан соң ғана ғой Гүлназға қосылып жүргені. Жалғыздықтан қашып құтыла алмапты, қайда барсаң Қорқыттың көрі.... Осыдан бес жыл бұрын бұл кемпірі де дүниеден өтті. Жалғыз қыздары бар – Сандуғаш. Содан туған өткенде Алматыға барып келген немересі ғой Ақан. Күйеубала шалды алып тұруға қарсы көрінеді, қайтсін енді... – әңгімесінің соңына келгенше әжесінің көңілі босап, қалтасынан бет орамалын алып көзін сүртті. Арын аяулы әженің аялы алақанын қысты.
– Апау, жыламаңыз енді – содан соң көңілін аударып – Мен осы жазғы демалысымда сіздердің қастарыңызда ауылда болсам қалай, бәрібір оқуым күзде?
– Айналайын, қала ғойшы жарығым, онсыз да сенің қасымызда болғаныңды қалаймыз, тамаша ғой мынауың! – деп көңілсіз отырған қарт ана балаша шаттанып, лезде өзгеріп салды. Екі қолымен Арынның екі жағына тас қылып алақандарын жабыстырған, содан соң ыстық мейіріммен бетінің сау тамтығын қалдырмай шөпілдете сүйді. Жарығым, құлыным, күнім, айым, ботам, қоңыр қозым, апасының жүрегі, апасының тілегі...
Арын осылай Алматыға қайтпай, жазғы демалысында Ырыстыда қалды. Әке-шешесі таңданды, бірақ бұл шешімін құптады. Ертеңі әке-шешесін аэропортқа шығарып салды.
Арын кешегіден соң, тартыншақтанған жоқ, керісінше осынау ауылда қалуының негізгі себептерінің бірі Гётце еді. Ол туралы көбірек білгісі келді, жанының терең түкпіріндегі ешкім ашпаған сырды білгісі келді. Гётце өткендегі түннен кейін, екі күн бойы сыртқа шықпады. Мектптегі түнгі күзетші жұмысы да жайына қалды. Арын барып жағдайын білгісі келіп еді, әжесі жолатпады. Бірақ үшінші күні Гётце шықты. Көрермендері күтіп қалды емес пе?! Үстіне жеңіл көрпе жамылып кешкі салқында сақалын сылап, балаларға ертегі айтып берді. Ертегісі қандай ғажап еді. Балалар ұйып тыңдады. Бір қызығы бұл жолы Гётце өзі шығарған ертегіні айтып берді. Ертегі “Айхантас” деп аталады екен. Отырғандар ертегіні ұйып тыңдады. Ол былай басталды:
“Бағзы бір заманда ұлы даланың жеті қырына билігін жүргізген ұлы әмірші болыпты. Патша қара қылды қақ жарған әділ, халқына да қамқор, рақымшыл адам екен. Көрші елдермен үнемі ымыраға келіп, елін бейбітшілікте ұстап отырыпты. Осы қасиеті үшін жаратқан оны ешбір қуаныштан шектемей жолын ашық қылып, жұртын намысшыл, текті етіпті. Әміршінің жарық дүниеден артық көретін Қарахан мен Айхан есімді ұлдары болды және өмірінің соңында бар байлықты алтын тағымен қоса соларға мұра ретінде қалдыруды ойлады. Көп ұзамай Қарахан мен Айхан да жеке-жеке отау құрып, балалы-шағалы болды. Патшаның ақсүйек ұрпағы жалғасып, мерейі тасыды.
Күндердің бір күнінде әмірші дүниеден озды, бұл халыққа үлкен қайғы әкелді. Жаңа хан деп жасы үлкен болғандықтан Қараханды сайламақшы болды. Алайда Айхан тақты ағасынан қызғанып, Қараханды биліктен тайдырмақшы болады. Мақсатын іске асыру мақсатында адам аяғы баспаған орманды алқапта өмір сүретін перімен байланысты. Пері билеушінің кемшілігін табу керек деп өткенді баяндайтын сиқырлы айнаны көрсетеді. Айнаға қараса Қараханның байырғыда көрші елдердің жерін басып алған соң, жазықсыз жұртты қынадай қырып салған, қан қақсатқан қанішер атасы болған екен. Осыны пайдаланып ол ағасынынң үстінен “сен ата жолын қуған жауызсың, қандыбалақ қанішер боласың” деп нақақтан жала жауып, “бұрынғы ата-бабаларымыздың күнәларын ұмыту үшін оларды мәңгі ұмытуымыз керек мен сендерді бақытқа жетелеймін” деп халыққа үгіт-насихат таратып, Қараханды елден қуып шығады. Бірақ ағасы қуғындалғанмен өзін қолдаған тұрғындармен жеке хандық құра бастайды. Сөйтіп Айхан ойлағанын жүзеге асырғаннан кейін ағайындылар екі ел боп жеке өмір сүре бастайды. Айтқанындай Айхан халқына өткенін білуге, айтуға да тыйым салады. Ешкім арғы аталарын білмеуі тиіс, өткеннен бейхабар болуы шарт, ал егерде кімде-кім заңды бұзатын болса қатаң жазаланатын болып шешілді.
Уақыт өз жұмысын ұмытқан жоқ, зулай берді, зулай берді. Қарахан елінің атағы жер жарып, халқы көгеріп, берекелі мемлекетке айналған екен. Ал Айханның елі болса күн өткен сайын қасіреттен көз ашпапты. Халқы өткенін ұмытып, қадір-қасиет, ар ұғымынан безген көрінеді. Туысқандар бір-бірімен аразданып күнде жанжал, әркім өзінің қара басының қамын ойлап қалған жетесіздерге айнала бастады. Халықты аштық жалмап, соғыстан көз ашпапты. Көмек сұраған патшалары Айхан болса “сендер рақымсыз надан екенсіңдер” деп одан сайын жұртты қанап, қанға бөктіре беріпті. Елдің болашағы бұлыңғыр болып, шаңырағы шайқалудың сәл-ақ алдында тұрғанда патшаның уәзірі бір ақыл айтыпты. “Біздің елдің еңсесін көтеретін, тығырықтан шығаратын жалғыз-ақ амал бар, бізге жәрдем беретін айшылық алыс жерде данышпан суретші қария тұрады, оның суреттері болашақты болжайды дейді естіген жұрт” деп уәзір кеңесін берді. Патша дереу сол суретші қарияны әкеліңдер деп бұйырады. Айшылық жерден он саусағынан өнер тамған қария бірден патшаның сарайына келеді. Айхан оған сал суретіңді деп бір апта уақыт береді. Арада апта өткен соң, суретші қағазға салған өнерін орамалмен жасырып, патшаның алдына келді. Патша көрсет деп ақырды. Данышпан суретші болса патшаның елді құтқаратын екі амал барын айтады. Біріншісі– ағасынан кешірім сұрап, екі елді біріктіру болса, екіншісі – “өзің білетіндей” деп орамалды шешіп, суретті көрсетеді. Суретте пері мен үлкен тас бейнеленген екен. Патша ашуланып, “мынауың дым білмес” деп суретшінің басын алуды бұйырады. Бірақ данышпанның айтқаны рас боп шықты, сол түні бүкіл елді дүрліктіріп, сарайға пері кіріп келеді. Жағдайдың ушыққанын сезіп, Қарахан да сарайға бет алады.Айхан періге қарсы барлық әскерін жұмылдырады. Артқы тұстан Қарахан қолы да көмекке келеді. Бірақ ешкімнің де күші періге жете қойған жоқ. Періні жеңе алмаған Айхан әскері енді ханның өзіне қарсы шықты. Хан тізе бүккенде бар халайықтың көзінше пері “қателігіңді түсінген шығарсың, енді халқың өткенін ұмытпайтын болсын” деп Айхан патшаны тас мүсінге айналдырып тастады.
Бұл оқиғадан соң екі ел үлкен сабақ алып, өткенін ұмытпайтын болды. Екі ел бұрынғыдай қосылып, өшкені жанып, өлгені тірілгендей іргелі елге айналып дәулетті ғұмыр кешкен көрінеді. Ал Айханның мүсінін халық ішінде “Айхантас” атап, жұрт бұдан кейін өмірден өткен ата-бабаларын ешқашан ұмыт қалдырмау үшін тастан мүсін арнап, олардың ерліктерін, халық үшін жасаған игі істерін тасқа қашап, жазып отырыпты-мыс” – деп аяқтады ертегісін.
Арын Гётценің бұрынғы қалпын көріп, көңілі орнығып қалды. Дегенмен бұл жолы өткенді қозғамауға бекем бел буған. Шал еңсесі көтеріңкі, бұны жылы қарсы алды.
– Кел кіші досым, өзің көрінбей кеттің ғой?
– Денсаулығыңыз жақсы ма ата? – деп әңгімені басқа арнаға бұрды Арын.
Отқа шыбықтарды сындырып шағын отын салды Гётце.
– Жаман емес, тек түнде тіземнің қақсағаны болмаса – деді өткендегі болғанның бәрін ұмытқандай. Екеуі маздап жанған отқа қарап біраз отырды. Бірақ бұл ыңғайсыз үнсіздік емес, керісінше әлемдегі ең аяулы, айтары көп, дара адамның қасындағы жылы отырыс еді. Бұл үнсіздікті Гётценің өзі доғарды.
– Мен осы ауылға қырық бірінші жылы келгенде арғы атаң Сағатбекті көрдім. Байсалды, көп шешіліп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап аталы сөз тудыратын ақылды кісі еді. Ес білгелі көргенім қазақ ауылы, ойнайтыным қазақ балалары, оқығаным қазақ мектебі. Ел жұрт сіңірі шыққан кезде, алжыған ашаршылық алқымынан алып, бас көтертпестей есеңгіретіп тастаған мезетте сұмырай соғыс сергелдең салып, азаматтарын тартып алған шақта мен келдім. Сонда өзінің жейтін тұлдыры жоқ бола тұра азығының жартысын бізге бөліп беріп еді. Әсіресе бабаң Сағатбектен көп нәрсені үйрендім. Мен бұл өлкеде маған дейін болған кезеңдерден де сыр шерте аламын. Үлкендерден естігенім. Қарт Сағатбек қақырынып, ернін жалап, әңгімесін бастайтын: “Мың да тоғыз жүз он жетінші жыл. Ақ патша құлаған.
Жұрттың бәрі бостандық күні туды деп еркіндікті аңсаған. Артынан түрі жаман қан төгіс болып кеткені бар емес пе? Қиыр шеттегі ауыл ақтар мен қызылдар дегенді ғана естиміз. Біздің оқымыстылар ақтармен қосылған, бірақ қызылдар жеңіп кетті дегенді білдік. Онымен қоймай өз билігін бүкіл елге таратып жүр екен. Ауылдағы шала орысша білетіндері пайғамбар тіріліп келді дегендей бақыттан бастары айналып жақсылықты тосумен болды. Бізге теңдік, байлық, әділет әкеледі екен мыс. Бұрынғы патша билігі енді жоқ, барлығының хақы бірдей депті Ленин деген кісі. Жарлылар байдан қорлық көрмейді депті. Недеген ғажап үкімет бұл?! Сонымен бәрі сол қызылдарды күтумен болыпты. Сенің арғы атаң Сағатбек ол кезде бір байдың жылқысын бағатын жалшы екен. Көп тостырмады, күн көтерілген шақта бір топ әскер дүрілдеп шулата келді.
Өңдерінен жақсылықтың лебі білінбейді. Дауыстарынан кекесін сезілетін, жоғарыда аттың үстінде кеудесін керген әскерден теңдіктің белгісі мүлде байқалмады. Аман-саулық жоқ бірден байырғы казактардай жұртты аңырата бастады. Бұл тірліктерінің артын жауып “Красный террор”атайды екен. Алдымен Сағатбек бағып жүрген малдың иесі байға тиді. Қамшысымен салып қалып жер қаптырды. Үйдің ішіне кіріңдер деп бұйырды. Арғы атаңа да ақырды. Амал жоқ бұйрыққа бағынып, бәрі ішке енген. Іштегі бәйбіше бұл сұмдықты көріп, көзіне жас іркілді. Байды ай- шай жоқ соққыға алып жерге жатқызып қойды. Содан соң Сағатбекті де тізерлеп тұтқын тәрізді қолын көтерткен. Арасындағы бір солдат мылтығының ұңғысын оның басына тақап...” – дей бергенде Арынның жүрегі жарыла жаздады. Өңі сұп-сұр боп кеткен. Бірақ көзін Гётцеден алмайды.
“Арасындағы бір солдат мылтығының ұңғысын оның басына тақап, “же” деп жекіген. Сөйтсе дастархандағы етті нұсқап тұр екен. Бұл өздерінше байдың көзінше кедейді тойдырып әділдік орнатқан түрлері екен. Сағатбек ол кезде жас жігіт не істерін білмей кідіртіп қалған. Әскер қоймапты қайта-қайта же деп бұйырған. Зорлап тұрғанда адамның тамағынан ас қайдан өтсін, Сағатбек қолымен бір-екі асап шегіншектеген. Бұл ауылға совет үкіметі осылай қарулы күшпен, қатаң үкіммен орнаған екен”.
Гётце өз әңгімесінен өзі шошынғандай біртүрлі түксиіп, көзіне жас алған. Осылай күндер өте берді. Бұдан соң Арын Гётценің үйінен жиі табылатын болды. Ескілікті әңгімелер, болған оқиғалар сұрайды. Гётцеге әртүрлі шаруалармен көмектеседі. Тек Гётце бұған бауыр басып кетуден қорқатындай тәрізді. Бұған “Сен де менің уақытша досым болдың, мені тастап кетесің” дейтін. Он алтыншы жылғы оқиғадан соң, ашаршылық одан арғысы қуғын-сүргінге іліккен азаматтар турасында, ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден көретін заман жайлы баяндады. Әсіресе шалдың нәзік жанына бататыны соғыс аяқталған соң, әкесін тергеуге алып кеткені. Содан соң қайтып оралмап еді. Тергеушілерге нақты осы немістің соғыс басталған тұста кеңестер жағына өтіп кеткені ұнамаған көрінеді. Кейін қаһарлы Сталин дүниеден өтті. Бұл тың игеру науқанының басталуы еді. Жердің едәуір бөлігі, едәуір бөлігі емес бәрі жыртылған. Артығымен. Жердің астан-кестені шыққан. Мал жайылымдары құрдымға кетті. Қасиетті жер ананың топырағы құнарсызданып, қасиетінен айрылды. Орыс, украин жұмысшылары шұбырып көшіп келген. Жергілікті ұлт саны азайғандықтан, қазақ мектептері жабылған, қазақ басылымы тоқтаған. Төңірек түгел орысшаланған. Дегенмен түзу жол сілтеген, көпті көрген ақсақалдардың арқасында дәстүр бұзылмаған, салт жұтамаған, ғұрып үзілмеген.
Алғаш келгенде Гётцені ауыл балалары неміс деп әжептеуір шеттеткен, бірақ уақыт сырғи келе олардың сыйластықтары мен сенімдерін лайықты алды. Тіпті соғыстан қайтқан асыл азаматтардың өзі кішкентай Гётце араларынан табыла қалса, баланың сағы сынбасын дегені ме әлде титтей көңіліне дақ түспесін деп қарағаны ма “немісті жапырай қырып келдік” деп емес “фашистерді жойдық” деп сөйлейтін. Бірақ сол әңгімелердің ішінде Берлинді қозғай қалса, бала Гётце жанын суырып алғандай теріс айналып үндеместен артын беріп отыратын. Бұның сырын ешкім ұқпай қойды.
Арын осы сауалды тәуекелге бел буып, шалмен араларындағы жақындық жаңа деңгейге көтерілгенде қойды. Бұған ауыл балалары да өз септігін тигізді. Сен шалдың тілін білесің, сұрашы неге осы жылайды да тұрады деп қоймай қоған соң осыған барды. Шал кейде түсініксіз қатқыл мінез танытса да балаларға ерекше мейірбан еді. Жаздың мамық кештерінің бірінде Арынмен шешіле сөйлеген.
– Ата, немереңізді жазда неге осында әкеп алмайсыз?
Шал көңілсіз күрсінді. Жарық дүниедегі асылы Ақан екенін жақсы білетін. Ылғи Арынға немересінің тәтті қылығын, тәрбиесімен қалай айналысып жүргенін айтады. Әсіресе Мұқағали ақынның Шәмілге жазған өлеңдерін жаттатады, баланың бал тіліне мәз-мейрам боп, ішек-сілесі қата күледі келіп.
– Абай данышпанымның өлеңдерімен сауат ашқанбыз, қазір Мұқағалидың өлеңін жаттаймыз Ақан екеуміз – деп сүйкімді әжімдерін көрсете күлді қария. – Махаббат бүгін және қарамады, қарамады жанымды жаралады, Шәміл-ау.... әсіресе осы тұста Шәміл-ау деген жерінде Ақанжан қолын аспанға көтеріп жіңішке даусын Шәміл-аууу деп созғанда ой бәріміз күлкіден өле жаздаймыз! Содан соң маған “Ата хватит махаббат” деп шаршағанын айтып бұртиып алады хехе – сол көрініс көз алдында ойнап тұрғандай күлкіден көзіндегі жасын сүртті.
Содан соң, бағанағы сұрақ жауапсыз қалғанын сезгендей біртүрлі мұңға батып сұлық отырып қалды. Анығында Гётцені күйеубаласы аса жақтырмаған сыңайлы. Келген сайын қабағын шытып, баланың тәрбиесіне араластырғысы келмей қашан қайтқанша асығатын. Тіпті қызымен ұрыс арасында “Бұл кәпір баламызға не үйретеді, керек емес жолатпа ” дегенін де естіген. Содан соң ол үйге бармайтын болды. Көңілді алдаусырату үшін Арын басқа дүниелерді сұрады. Өткен кеткен оқиғалар. Көрген қиыншылықтарды әңгімелесті.
– Е, бұл қазақ басынан қандай қиындықты көрмеді дейсің, осы күнде қатты таңырқайтыным маған кез-келген ел шен мен атақ беріп құрмет көрсетсе мен бірден сол елдің тілін меңгеріп алар едім. Қытайдағы кішкентай ауданның әкімі қылып қойса бір жылдың ішінде қытайшаға судай болар едім, ал біздің жоғарыда отырғандардың жиырма жыл өтсе де сол елдің тілінде бір ауыз сөз айта алмауына әлі қайран боламын! Бұлардыкі не құдірет екен?!
Арын рас дегендей басын изеді. Осы мезетте шалдың оқыс өзгеріп кетуіне кінәлі сұрақты қойып қалды.
– Ата, Берлинде жақындарыңыз қалды ма?
Гётце қайтадан тұнжырап кетті. Кенет қызарған көзіне ыстық жас іркілді.
– Қазақ ашаршылықта қынадай қырылды, басын енді тік көтере бергенде азаматтарын соғысқа айдап кетті, одан қалса қой аузынан шөп алмас момын халықтың кең байтақ жеріне атом жарды. Сексен алтыншы жылы бет қаратпайтын қарып өтер аязда жастарын мұз үстінде тепкілеп, қыздарының шашынан сүйреді... Сонда нағыз жылауық мына менмін бе, әлде сендерсіңдер ме?! – деп қойып қалды.
Мөлдіреп аққан тамшы жас шалдың сақалынан сырғи өтіп, сіңіп кетті. Арын тамағына өксік тығыла өз сұрағынан өзі ұялып, Гётценің суық жанарына тік қарай алмай кірерге тесік таппады. Мүмкіндік болса дәл қазір айдалаға, басы ауған жаққа қарай безіп кеткісі келді. Гётце жас баланы үркітіп алғанын сезе қойды. Дереу даусын бәсеңдетіп, одан кешірім сұрай басынан сипалады.
– Сенде ешқандай жазық жоқ, Арынжан балалық қызығушылықпен сұраған шығарсың, сырымды саған айтпағанда енді кімге айтайын...
Сосын сәл кідіртіп, тағы ойлана отырды. Аузына сөз түспей ежіктеп, көзіне елес елестегендей омалып отырып қалды.
– Ббб… бәріне… ммм... Маркус кінәлі... – деді.
Тек бір-ақ ауыз сөз. Бұдан арғысын айтпады. Айтпады емес, айта алмады. Өңі бозарып, әуелгі әдетіне қайта басты. Аңырап, орнынан көтеріліп, көкке қарап жылап жіберді. Арын ұшып тұрып шалды орнына жайғастырды. Сосын лезде барып дәрігер шақырды. Дәрігер келіп, қан қысымын тексеріп, шалға дәрі жұтқызды. Тынықсын деп төсегіне жайғастырып, бұдан кейін мазаламауды өтінді. Арын дәрігердің нұсқауынша Гётцені артық мазаламады. Аптасына үш мәрте дәрігер келіп жағдайын тексеріп кетеді. Шалға көрші-қолаң тәулігіне үш мезгіл тамағын апарып отырды. Арада үш апта өтпей шалың тың, аттай жүгіріп кетті. Бұның артынан ілесе Ырысты ауылына тағы бір қуаныш ілініп келді. Кешкілік шал жалғызсырамасын деп маңайы бірінен соң бірі қонаққа шақыратын, одан қалса шалдар Гётценің үйіне жиналып, әңгіме айтып, дойбы ойнайтын. Бірақ қалған уақытта Гётце жалғыз еді. Осының емі болып келгендей алыстан ат терлетіп бір топ кісі келді. Гётце қызы Сандуғашты күтіп еді, ол болмай шықты. Нақ осы Гётце шалды іздеп келіпті.
Жаздың соңғы айы. Күн алдыңғы келе жатқан мезгілді білдіргендей салқындана түскен. Тып-тыныш бейқам жатқан ауылдың шеткі үйлеріне қымбат көлік келіп тоқтады. Көліктің ішінен өңі аппақ, шыттай киінген адамдар түсті. Екі ер адам шамасы ағайынды болуы керек, сосын артқы есіктен өзінен бұрын әтірінің нәзік жұпары аңқып, сарғыш бұйра шашы иығына түскен кең көйлектегі әдемі келіншек түсті. Ер адамдардың көзі сұр түсті еді, тек келіншектікі көк. Бір-бірімен қазаққа жат тілде күбірлесті де жан-жақтағы үйлерге қарасты. Алдымен Арынның атасы тұратын үйдің есігін қақты. Сосын атасы есікті ашқанда бар білетін қазақшасымен:
– Сэлеметсыз ба, ата! – деді. Сақыпбек сәлемдерін жылы қабылдаған. Артынан орысша түсіндірді. – Мы искать Гётце, нужен Гётце! – деді.