Адами капиталды дамытуға қолдау жасалуда
Адами капиталды дамытуға қолдау жасалуда
136
оқылды
– «Біз студенттердің қабілеті мен кәсіби бағдарын анықтайтын кешенді жүйе құрамыз. 2020 жылы барлық өңірлерде оқушылардың қабілеттері мен кәсіптік бағдарын ерте анықтайтын арнайы орталықтар ашылады». Былтыр күзде еліміздің талантты жастарымен кездескен кезде Елбасы Н.Назарбаев осылай деген болатын.  Дүниежүзіндегі биліктен кеткен Президенттер секілді біздің Елбасымыз да қазір қоғамдық жұмыстарды белсенді түр­де атқаруда. Нұрсұлтан Әбішұлы әсі­ресе, дарынды балаларды қолдау, шы­ғар­ма­шылық бағыттағы жастарға мүмкіндік жа­сау бағытында үлкен жобаларға бас­та­машы болып отыр. Бұл тұрғыда Елбасы ака­демиясы мен Тұңғыш Президент қоры көптеген ауқымды істерге қар­жы­лық тұр­­ғыда қолдау жасап, жүзеге асуына мұ­рын­дық болуда. Болашақ ұрпаққа қамқорлық жасауды жалғастыра отырып, Елбасының жетекшілігімен дарынды жас­тар мен шығармашылық интелли­ген­цияны қолдау бойынша жобалар іске қо­сылды. Мәселен, шетелдегі ең жақсы деген оқу­лықтардың қазақ тіліне аударылып, жо­ғары оқу орындарына тегін тара­тылуының өзі біздің жастарымызға үл­кен мүмкіндік. Қазақстандық студенттер әлемге әйгілі ғалымдардың еңбектерімен танысып, білімдерін кеңейтіп жатыр. Қалалық жерлерде ғана емес, ауыл мек­тептерін қолдау бойынша да жұмыс­тар атқарылды. Мәселен, Тұңғыш Пре­зи­дент қоры бағдарламасы аясында «Мың бала» олимпиадасы ұйымдас­ты­рылу­да.  Нәтижесінде, ауыл мектеп­те­рін­дегі 1 000 үздік оқушы талантты ба­ла­ларға арналған «Дарын»  мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады. Бұл дегеніміз – адами капиталды дамыту, болашаққа инвестиция салу.  Сонымен бірге, қазір біздің жазушылардың еңбек­терін аударып, шетелге танытып жатыр­мыз. Бұл жұмысқа да Н.Назарбаев тіке­лей өзі мұрындық болып, қолдап отыр. Яғни, қазақ мәдениеті мен әдебиетін ше­тел азаматы біліп, танып, мағлұмат алу үшін жұмыстар атқарылуда. Елді тек туризммен танытудан бөлек, гумани­тар­лық бағытта байланыстар ашу ертеңгі күн үшін өте маңызды іс. Жақында ғана Мәскеу қаласындағы Ло­моносов атындағы МГУ-да лекция оқып келгені соның жарқын мысалы. Се­бебі Мәскеуде және Ресейдің өзге де қа­ла­ларында оқып жатқан қазақстандық сту­денттер өте көп. Оған қоса, көрші мем­лекеттің жастары Қазақстанның тұң­ғыш Президентінің атын ғана естіп қой­май, жүзбе-жүз кездесіп, дәрісін тың­дауға мүмкіндік алды.  

Талғат ҚАЛИЕВ, саясаттанушы, Президент жанындағы ОКҚ директоры