«Балаларға арналған шығарма» номинациясы: Нұр ханшайым ертегісі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы

Авторы: princessaqazaq_kids

 

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде демей-ақ қояйын, сан ғасыр жылдар тарихты шолғалы пайда болып, күні бүгінге дейін Нұр әжемнің сары майдай сақтап бізге айтып беретін ертегісі бұл.

Күндердің бір к.нінде Исахан дейтін ханның үйінде таңның атысымен шырылдаған дыбыс естіліпті. Бұл – ханның 16 жыл күткен нәрестесінің үні екен. Осы бір періштенің дүниеге келген күні болған ауа райын айтсаңшы, бейне бір Құдайдың құдіреті дерсің. Далады дауыл ойнап, жел есіп, найзағай шарт-шұрт ұрып, нөсерлетіп тоқтамай, шелектеп төккендей тоқтамай жауын жауды. Шілде айының осындай күнінде туған осы бір көптен күткен хан баласы ұл емес, қыз болып шықты. Хан біраз көңілсізденіп, мұңға батты. Сөйтіп кеш батып, бәрі ұйқыға жатты. Түс көріп жатып ханға бір ақсақал аян беріп, бұл қызды Алланың сыйы, Алланың нұры деп қабылда, саған жіберген нұр шапағы екеніне илан деп ескертеді. Хан не де болса көнейін де көрейін деп, ертеңінде той жасап, қызға Нурила есімін қояды. Бірақ халық оны Нұр ханшайым деп атап кетеді.

Нұр ханшайым асқан сұлу, ақылды болып өседі. Хан қызын ер балаға тән ержүректілік пен батылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеп өсіреді. Бірақ хан әкесінен қанша ер жігіт тәрізді тәлім-тәрбие алғанымен, ханшайым нәзік, арманшыл болып өседі. Қыз қиялы таусылған ба?! Исахан хан қызының Ай, Күнді алып бер десе де көнуге даяр, қызының барша арман-қиялын орындайды. Осылай жылжып, кезекпен күндер өте береді. Бірақ хан қызы оның жасындағы, бай-дәулетті отбасынан шыққан тым шолжаң, ерке-тотай ханшайымдарға қарағанда салмақты, төзімді, қарапайым болып қала алды. Кейде кедей-кепшіктің киімін киіп, базар аралайтын. Тіпті саудагерлермен тауарды арзандатып саудаласып алуды ды да үйреніп алған. Көмекке зәру жанды көрсе, қолдан келген көмекті аямайды.

Бір күні ханшайым ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бақта қыдырып жүр екен. Бақтың ішіндегі субұрқақақа қарап сүйсініп қарап тұрғанда, суға бірнәрсе түсіп кетеді. Қолың сұғып, судан алып қараса, кілт екен. Кілт бар, бірақ құлып жоқ. Ненің кілті екен деп әрі ойланып, бері ойланып жұмбақты шеше алмайды. Ертеңінде ұйқысынан оянған соң, түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттанады. Айлар өтеді. Жылдар жылжиды. Бір күні Нұр ханшайым бір қалаға кез болады. Бұл шаһарды бір ханзада басқарады екен. Беті-аузы үсқынсыз, өзі дөрекі, ешкіммен араласпайтын әрі сарайынан шықпайтын көрінеді. Ел аузында оны адам емес, құбыжық деседі. Нұр ханшайым бұл ханзаданың елді алай басқаратынын білгісі келіп, бір жағынан сарайдың сәулетін өз көзімен көрейін деп, тәуекелге барып, сарайға келеді. Қала халқы түнде естілетін ақырған дыбыстардан шошып, сарайдан алысқа көшіп кеткен. Сөйтіп сарай мағайында ешкім де, ештеңе де жоқ көрінеді. Қыз сарайға келіп, түсінде көргенін өңінде іздеп жүрген жолаушы екенін айтып, жол оны осында айдап әкелгенін түсіндірмекші болады.

Шаршаған Нұр ханшайым ыңғайлы бір орын тауып, жантая кете, бірден ұйықтап кетеді. Таң атады, бірақ сарайға не жарық, не Күннің жылуы түспейді. Нұр ханшайым бұл жерден іздегенімді таппаспын деп мұңайып, сыртқа шығып қараса, дала нұрланып сала берді. Гүлдеп түрған бау-бақшаны аралап, серуендеп жүріп, ойға шомады. Мен не іздеп жүргенімді білмейтін бейбақпын, сонша күн жат далада күн кезіп жүрмін, ал үйде ата-анам алаңдап, тыным таппай мені уайымдап күтіп отырған болар деп ойланып келе жатқанда аяғын қатты бірнәрсеге ұрып алады. Көзін аып қараса, кішкне бір қобдиша екен. Алып қараса, қобдиша құлыпталған болып шықты. Іздегенімді таптым деп қуанады. Кілті қайда болар екен, қобдиша сарай билеушісіне тиесілі ма екен, олай болса кілті де соның қолында шығар деп топшылайды. Алайда Нұр ханшайым сарайдағы құпия өожайынды қанша іздесе де, таба алмады. Кеш қарайды. Қарны ашқан ханшайым тамақ іздей бастайды. Сол арада сарай құбыжығы үстелге шикі ет қойып кетеді. Үстел үстіндегі шикі етті көріп, Нұр ханшайым қатты қорқып кетеді, алайда абдырамай, өзін қолға алып, аңшылыққа шыққанда әкесінің үйреткендері есіне түсіп, етті найзаға түйреп, жанып тұрған отқа қақтап, жейді де, қалғанын үстелге қалдырып кетеді. Таңертең тұрып қараса, ет жоқ.

Арада бірнеше күн өтеді. 

Бір күні Нұр ханшайым ол қобдишада не болуы мүмкін деп ойлана бастайды. Ата-анасын, елін-жерін қатты сағынған ханшайым ол нәрсе маған аса қажет пе деп те ойлайды. Нұр ханшайымда бәрі бар еді: байлық та, билік те, сұлулық, ақыл, өнер, денсаулық та. Ханшайым ұзақ ойланып, барына қанағат, тәубе деп, елге қайтуды жөн көреді. Сарайдың қақпасынан енді шығайын дегенде қақпа тарс жабылып, қызды жібермей қояды. Алыстан бір дыбыс естіледі: – Менің сарайыма бір кірген адам оңайлықпен шыға алмайды. Сен менің жанымда қалып, маған ас дайындап, әлемде болып жатқан жаңалықтарды әңгімелеп беріп отырасың. Күндердің күні істеген істерің көңілімнен шықса, сені жіберемін әрі кілтті де беремін. 

Қыз амалсыздан қалуға мәжбүр болады. Күнде не құбыжық, не адам екенін білмейтін жанның апсырмаларын орындап жүре береді. Қалауы бір таусылмайтын құбыжық жаратылыс иесі күн өте ханшайымды жібергісі келмей, оның сарайда қалу мерзімін мейлінше созуға тырысып бағады. Құбыжықтың бұл рекетіне ызасы келіп Нұр ханшайым әбден қажиды. Құбыжық сиқырдың әсерінен түрі сондай болғанымен, жан дүниесі кез-келген жаны-жайсаң адамның жүрегінен е кең әрі нәзік, адамгершілік пен мейірімге толы екені күмән келтірмейді. Сөйтіп, сұлу қызды қанша қимағанымен, сұрағанын беріп, үйіне жіберуге, берген уәдесінде тұруға бекінеді. Бірақ қызды жібермес бұрын бақшаға шығып, жалғыз ермегі әрі сырлас-досы, күтіп-баптап жүрген, бақшасында өсіп тұрған бақбақ гүліне келіп сырын ақтарады. Қыз келгенде күндей сап-сары бақбақ қазірде бас толған ақ бақбаққа айналған. Құбыжықтың бір естігені бар еді: әл осы ақпақ бақбақтың тозаңдарын үрлеп, арманыңды айтсаң, ол аңсаған ұлы арманынды орындайды деп. Неде болса көрейін деп, еңкейіп жұлып алып, аспанға бақбқаты үрлеп, ішішнен арманын айтты. Не тілегенін кім білсін?! Мүмкін адам кейпіне қайта оралуын сұраған болар. Немесе сұлу ханайымның жанында қалуын сұрады ма екен?!

Қызға уәде еткен күн де жетті. Құбыжық кілтті ұсынып, қызды шығарып салмақ болады. Нұр ханшайым кілтті алып, қобдишаны ашып көреді. Кілт сай келіп, ішінде бір жапырақ қағаз ораулы жатыр екен. Қағазды ашып қараса, ішінде: «Арман елес. БОЛМАСЫН КЕШ!» деген жазу бар. Дәл сол сәтте бақбақ гүлінің аппақ тозаңы жан-жаққа ұшып, айнала ақ тұманға айналып, құбыжықты жалмап алады. Дауыл жел тоқтап, тұман сейілгенде, қыздың алдынан келісті, ірі денелі ханзада тап болады.

Нұр ханшайым ханзадаға, Нурлан атты ханзада Нурилаға ғашық болып, екеуі бірге Исахан ханның сарайына ақ бата сұрауға аттанады.

Әке батасы қабыл болып, Нурила мен Нурлан ақ некелерін қиып, үбірлі-шүбірлі болып, бала-шағасымен бақытты ғұмыр кешеді. Хан өз билігін туған ұлыңдай санаған Нурланға беріп, қос патшалық біріктіріледі. Осылайша, барлығының аңасған армандары орындалып, мұраттарына жетеді.