Авторы: Мұғалім
Үлкен орман алқабында кірпілер отбасы өмір сүріпті. Отбасыда әке-кірпі,ана-кірпі және үш кішкентай кірпі болыпты. Кірпілер күні бойы түрлі жұмыстарды атқарып жүретін.
Жаздың шуақты күндердің бірінде кірпілер отбасы алмаағашынан түскен алмаларды жинап жатқанда, олардың қасына кішкентай көжек келіп:
– Сендер не үшін алмаларды жинап жатырсыңдар, – депті.
Сонда әке-кірпі:
– Бұл алмаларды біз кептіріп,өзіміз қыста жейтін боламыз, – деді.
Кішкентай көжек:
– Оны жинаудын не керегі бар!? Қыста да көптеген тамақ түрлерін табуға болады ғой, – депті.
– Қыста біз, ұйқыға батамыз, сонда ерте көктемде әлі күн суық болады,аяз болады,жинаған алмаларымызды сол кезде жейміз, – депті кішкентай кірпі.
– Ал егер,біз қазір еңбектеніп, осы алмаларды,түрлі жемістерді жинамасақ,көктемде аш қалуымыз әбден мүмкін ғой»-деді ортаңғы кірпі.
– Еңбекпен бәрі де келеді,еңбекпен тапқан осы алмалар қандай тәтті, – деді ана-кірпі.
– Өте дұрыс,еңбексүйгіштік өте үлкен қасиет, – депті кішкентай көжек.
Отбасы әрі қарай өз жұмысын жалғастырды,ал кішкентай көжек орман ішіне жүгіріп кетті.
«Орман мектебі» ертегісі
Ертеде орманның ішінде орман мектебі болыпты. Орман мектебінде көптеген жан-жануарлар сабақ оқуға келетін: қояндар, қасқырлар, қонжықтар, түлкілер және тағы басқа да жануарлар. Мектепте кішкентай оқушылар санауды,оқуды, есеп шығаруды үйренеді. Мектепте оқуды жақсы оқитын оқушылар және сабаққа жиі келмейтін оқушылар болды. Оның ішінде Түлкібек деген оқушы.
Түлкібек-сабақ оқығысы келмейді, ерке,тілазар болды. Мектепке келгенде ол сыныбындағы барлық оқушыларды ренжітетін, сондықтан да оның достары болған жоқ. Бір күні Түлкібек мектепке келіп, кішкентай қонжықты ренжітіп алды, қонжық қатты ренжіп үйіне кетіп қалды. Әрдайым осындай Түлкібектің істерінен шаршаған сыныптастары:
– Сен Түлкібек неге бізді ренжіте бересің? Біз саған не жасадық?
– Мен мектептің ең күшті оқушысымын, қалағанымды жасаймын-деп жар салды.
– Түлкібек, сен қалай түсінбейсің!? Сенің күшін көп болса да, ол саған болашақта көмектесе алмайды, мектепте білім-тәрбие алу керек, – деді сыныптастары.
– Мен ешкімді де тыңдамаймын! – деп бәріне айтып, Түлкібек өз жайымен кетті.
Келесі күні Түлкібектің іші қатты ауырды. Анасы оған:
– Сенің ішің неге ауырады, не жеп едің,Түлкібек? – деп сұрады.
– Анашым,мен кеше жуылмаған жабайы алманың жемістерің жедім, – деп айтты.
– Балам, сен білесің бе жуылмаған жеміс-көкөністерді жеуге болмайды,мектепте күнде білім аласың ғой, Аю ағай сендерге айтқан жоқ па?
– Айтты, бірақ мен тыңдамадым, мен ол кітапты оқымадым-деп жылады Түлкібек.
– Мінекей, сол себептен сенің ішің ауырып жатыр, – деді анасы.
– Анашым, мені кешірші, мен енді сабағымды оқып, дұрыс білім аламын, – деді Түлкібек.
Сол кезден бері Түлкібек мектепке барып,сыныптастарын ренжітпей, сабақты оқып,жақсы оқитын оқушыларлың қатарына енді.
Балалар, сендер де жалқау болмай, кітапты көп оқыңыздар!