Назарбаев – түркі әлемін біріктірген тұлға
Назарбаев – түркі әлемін біріктірген тұлға
571
оқылды
– Нұрсұлтан Назарбаевтың пікір­лері мен бастамалары түркі әле­мінің рухани тұрғыда оянуында ай­рықша рөл атқарды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қалалары арқылы басталған ұлт­тық жобалар тек Қазақстан үшін ғана емес, түркі дүниесінің тари­хын қайтадан тануы мен өзгеге танытуына жол ашып, бағдар бер­ген еді. Оның Түркістан қаласын об­лыс орталығы ету және осы атау­ды тұтас бір аймаққа беру жөніндегі шешімі түркі әлемінің назарын бірден аударғанын да естен шығаруға болмайды. Бұл өңір экономикалық және мәдени тұр­ғыдан Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын бастамаларға ұйытқы болуы мүмкін, сонымен қатар аймақ түркі әлемі ынтымақтастығы мен туриз­мі­н­ің жаңа орталығына айналары хақ. Міне, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы бірнеше жылдағы шешімдерінің өзі бауырлас ха­лықтардың тағдыр талайына қалай ықпал еткенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы түркі әлемі интеграциясына қыз­мет етіп келе жатқан ортақ ұйым­дар­дың құрылуына ұйытқы бол­­ған тұлға. Түркі кеңесі, Түрк ПА, Түр­кі ака­демиясы тәрізді ұйымдар осы құрылым­дардың көш басында келеді. Қазір аталған ұйымдар бауырлас халықтардың рухани, мә­дени тұрғыда бір-біріне мей­лінше жақындаса түсуіне қызмет ету­де. Әрине, түркі халықтарының ба­сын қосуды арман­даған тұл­ғалар бұрын да болған. Мұстафа Кемал Ататүрік те түркі дүниесінің ын­ты­мақтастығы мен инте­г­ра­ция­сын арманда­ған қайраткер еді. Алайда Ататүрік заманы­ның та­лап­тары мен жағдайы мүлдем бас­қа болатын. Назарбаев араға жыл­дар салып Ататүріктің алысты көз­деген мақсатына сәйкес ке­ле­тін деңгейде Түркі әлемінің бір ш аңырақ астына жиналуына же­текшілік етіп келе жатқаны бай­қалады. Ол 1992 жылдан бері өтіп келе жатқан Түркі тілдес мем­лекет­тер басшыларының барлық сам­миттеріне қатысқан жалғыз тұлға. Сондық­тан былтыр Елбасы өз өкілеттілігін тоқтат­қан соң, Түр­кі кеңесі оны ұйымның өмір бой­­ғы Құрметті төрағасы етіп сай­лады. Бұл бас­таманы Түркия тара­пының ұсынғанын ескерсек, Назарбаевтың түркі әлемінің абы­зы, ақсақалы екеніне осынау бас­тама­ның өзі дәлел болады. Ал Назарбаев Түркі кеңесінің Құр­мет­ті төрағасы болып сайлан­ған соң ұйымға Өзбекстан мүше бол­ды. Алдағы уақытта Түркі­мен­стан­ның да ұйым­ға қосылуы ға­жап емес. Өйткені Елба­сы­ның бе­делі мен көрегендігін түркімен бауыр­­лар да біледі әрі Н.Назарбаев­тың бауы­рлас халықтардың мүддесін ешқашан на­зардан тыс қал­дыр­майтынын көріп те жүр. Негізі Нұрсұлтан Назарбаев ту­ра­лы айтқанда оның Түркі дү­ниесі үшін ғана емес, аймақтық, тіп­ті жаһандық тыныштық үшін барын салатын тұлға екенін атап өтпеуге болмайды. Оның ядролық қаруды таратпауға бағытталған бастамаларын БҰҰ дең­гейінде жаһанның көптеген мемлекет­тері, саясаткерлері қолдағаны есімізде. Одан бөлек Сирия дағдарысын ше­шуге бағытталған ұсыныстары «Астана процесі» аталған пікір алаңына ұласқан болатын. Түр­кия–Ресей қатынастарының тү­зелуіне қос­қан үлесі де зор. Мұны дип­ломатияның та­маша үлгісі ре­тінде бағалауға болады. Одан бө­лек Елбасының беделі түркі ха­лық­тарының арасында да өте зор екенін айта кету керек. Яғни сая­саткерлер ғана емес, қа­рапайым адамдар да Назарбаевты жақсы кө­реді. Мәселен, Түркияда жасал­ған бір сауал­намада респон­дент­тердің 90 пайызға жуы­ғы Назарбаев­ты түркі дүниесінің көшбасшысы ретінде бағалаған. Сөйте тұра, былтыр 19 наурыз күні қабылдаған шешімін түркия­лық­тардың 69,4 пайызы «дұрыс қадам» деп баға­ласа, 23,3 пайызы оның қызметтен ке­туіне қимастық танытқан. Де­ген­мен Ел­басының былтырғы ше­­шімі түркі дүние­сінде билік тран­зитінің жаңа үлгісін қалып­тастырумен де тарихта қалатыны айқын. Әрі ақылгөй абыздың ізбасарларын баулы­ғанындай, Қа­зақстанның жаңа буын же­тек­­шілеріне қолдау білдіріп келе жат­қаны да ерекше тәсіл. Кейде өз басым Назарбаев­тың қазіргі рө­лін Білге қаған мен Күлтегінге кеңес берген Тоныкөктің дана­лығына ұқса­тамын.  

Куршад ЗОРЛУ, саясаттанушы, Түркия