Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.
Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.