Ақтөбе облысының білім саласында жаңа ауқымды бастама – «5Б» облыстық жобасы өз жұмысын бастады. Жобаны Ақтөбе облыстық Білім басқармасы ұйымдастырып, оған педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» лицейі және бірқатар серіктес ұйымдар қатысып отыр.
Білім саласындағы жаңа мүмкіндіктер
1,632
оқылды

Басты мақсат – білім беру ұйым­дарының даму стра­те­­гияларын жетілдіру, педа­гог­тер­ге әдістемелік сүйемелдеу көр­­­­­сету және оқушылардың оқу жетістік­те­рін арттыру. Сонымен қатар жо­ба аясында мектептердің нақ­ты ахуалына талдау жүргізіліп, әр бі­лім ордасы үшін жеке іс-қимыл жос­­парлары әзірленеді. Облыс­тық білім басқармасының хабар­лауынша, 2025-2028 оқу жылын қам­титын бұл жоба білім мен тәр­бие сапасын арттыруға, педа­гог­тердің кәсіби дамуын қолдауға жә­не оқушылардың жетістігін кө­теруге бағытталған. Алғашқы ке­зең 2025-2026 оқу жылында Ал­ға, Ырғыз, Әйтеке би аудан­да­рын және Ақтөбе қаласының 10 мек­тебін қамтиды. Келесі жыл­да­ры өзге аудандар да кезең-ке­зеңі­мен қатыстырылмақ.

Аймақта білім сапасын арт­тыру және мектептердің инф­ра­құрылымын дамыту бағытында бір­қатар жоба қолға алынған. Ауыл мектептерінде де білім са­па­сын арттыру мәселелері на­зар­дан тыс қалған емес. 2025-2026 оқу жылында облыс бойынша 446 мек­теп жұмыс істеп тұр. Оның ішін­де 12 мектеп 1 қыркүйекте қол­данысқа берілді. Жаңа оқу жы­лында 190 мыңға жуық оқушы мек­тепке барса, оның 10 пайызы, яғ­ни 19 мыңы мектеп табал­ды­ры­ғын алғаш аттап отыр. Оқу­шы­лар­ға 26 054 педагог сабақ береді. Биылғы оқу жылынан бастап оқу үде­рісіне жасанды интеллект эле­менттерін енгізу қолға алына бас­тады. Бұл бағытта жасанды ин­­­­теллектіні білім беру жүйесінде қауіп­сіз әрі жауапкершілікпен қол­дануға мүмкіндік беретін эти­калық стандарттар әзірленді. 

Облыстық Білім басқар­ма­сы­ның басшысы Бұлбұл Күзем­баева­­ның айтуынша, өңірде да­рын­ды балалармен жұмыс іс­теу­дің қалыптасқан жүйесі бар.

– Қазақстанның беделді Ұлт­тық ТОП-100 олимпиадалық мек­тептер рейтингісінде облыс­тың 6 мектебі – облыстық дарын­ды жасөспірімдерге арналған ма­мандандырылған «Білім-ин­но­вация» лицей-интернаты, Мақ­сот Құсайынов атындағы об­лыстық дарынды балаларға ар­налған мамандандырылған ли­цей-интернат, №19 және №25 ор­та мектептер, Ақтөбе орта мек­тебі, физика-математика ба­ғы­тындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебі енді. Облыстың құрама ко­мандасы үздік нәтиже көр­се­тіп, «Ең үздік олимпиадалық ко­­­­­манда» атанды. Осы жылы ақтөбелік екі оқушы халықаралық деңгейдегі беделді олимпиадада жеңімпаз атанып, Мемлекет бас­шы­сының қолынан марапат ал­ды. Бұл – өңіріміздің білім беру са­­­­ласындағы үлкен жетістік, – дей­ді ол.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл­дың өзінде ақтөбелік оқу­шы­лар халықаралық, республи­ка­лық олимпиадаларда 162 ме­­­даль еншіледі. Олар: 32 алтын, 59 күміс және 71 қола. Өңірдің олим­пиа­да­лық қозғалысын алға жетелеп, аты облыстың тарихына алтын әріп­­пен жазылатын ұстаздар қа­та­­рында Аян Сәбитов, Ибраһим Бақдәулетұлы, Арайлым Ба­х­ра­ди­нова, Анна Задворная сынды пе­дагогтер бар. Олар өз шәкірт­терінің табыстарымен өңірдің ға­на емес, елдің білім беру сала­сын­дағы беделін арттыруға зор үлес қосып келеді. 

Жаңа оқу жылында халық­ара­лық олимпиада жеңімпаздарын даярлаған педагогтерді ынталан­дыру, 5 мың педагогтің біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне озық тех­нологияларды тиімді енгізген педа­гогтер мен білім беру меке­ме­лерін қолдау, «Педагогтерге мо­бильді көмек» облыстық жо­басын жалғастыру, мұғалімдердің сапалық құрамын 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Инклюзивті білім – тең мүмкіндік кепілі

Мемлекет басшысы биыл қа­зан айында «Білім бе­ру саласындағы жасанды ин­тел­лект: мүмкіндіктер және сын-қа­терлер» тақырыбында өткен жиын­да: «Біз қазір түбегейлі өз­ге­рістер дәуірінде өмір сүріп жа­тыр­мыз. Жасанды интеллект бү­гінде экономиканың, мем­ле­­­кеттік бас­қару жүйесінің, ғылымның, ең бас­тысы, білім беру саласының ке­­­­­лешегін айқындауда», – деп атап өткен болатын.

– Жасанды интеллектіні кеңі­нен пайдалану орталық пен ай­мақ, қала мен ауыл арасындағы бі­­л­ім алшақтығын қысқартуға қо­­лайлы жағдай жасайды. Әсі­ре­се, бұл – шағын жинақты мектеп­тер­ге қа­тыс­ты мәселе. ЖИ техно­ло­гия­ла­рын енгізу ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз – шын мәнінде инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. Бұл – Әділетті Қа­зақ­стан құрудың негізгі ал­ғы­шарт­тарының бірі, – деді Президент. 

Осы орайда Ақтөбе облысы­ның білім саласында да жасанды интеллект кеңінен қолданыла бас­­тады. Жасанды интеллект ар­қы­лы оқушылардың білім де­ңгейін жеке бақылау, әлсіз тұс­та­рын анық­тау, жеке оқу траек­­­ториясын құру секілді мүмкіндіктер пайда бол­ды. Облыстың білім беру жүйе­сін осы өзгерістерге бейімдеу мақ­­сатында жасанды интеллек­ті­ні енгізу стратегиясы әзірлену­де. 

Қазіргі дамып келе жатқан Қа­­зақстан қоғамы инклюзивті орта құру бағытында да бірқатар шешімдер қабылдады. Сондай-ақ білім беру саласында инклюзивті білім беру барлық деңгейде ба­лаларды қолдаудың, сүйемелдеу­дің бірыңғай моделі арқылы жү­зе­ге асырылып жатыр. Мем­ле­кеттің стратегиялық ұстанымына сай, елі­мізде бірде-бір ерекше бала на­зардан тыс қалмауға тиіс.

Өңірде соңғы жылдары ерек­ше қажеттілігі бар ба­ла­ларды қолдау бойынша бір­не­ше ірі жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «Ақбота» және об­лыс­тық арнайы балабақшаға күр­делі жөндеу жүргізілген, 136 орын­дық «Жұлдыз» жаңа бала­бақ­шасы пайдалануға берілген. Қа­зіргі уақытта тағы екі нысан­ның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар дефектологтар мен логопедтердің жетіспеушілігі, ПМПК жұмысының шамадан тыс жүктелуі және кезекте тұрған 501 ерекше қажеттілігі бар баланы арнайы балабақшалармен қамту бағытында жұмыстар жүргізіліп жа­тыр. Өңірдегі ерекше білім беру­ді қажет ететін балаларға тең бі­лім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі Асхат Шахаров Ембі қаласында жаңа ПМПК ашу жұмыстарын жедел­детуді, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбе гуманитарлық кол­лед­жінде арнайы мамандар даяр­лау бағдарламаларын қайта қа­рау­ды және педагогтерді ын­та­ландыру шараларын күшейтуді тапсырды. 

Ресми статистикаға сәйкес, өңірде 9 753 мүмкіндігі шек­теулі бала тіркелген. Олардың бі­лім алуын қолдау мақсатында 31 арнайы ұйым жұмыс істейді. Олар­дың ішінде 5 психо­ло­гия­лық-медициналық-педаго­гика­лық консультация (ПМПК), 15 түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп жә­не аутизмі бар балаларға ар­нал­ған орталық қызмет көрсетеді. Қа­зіргі уақытта облыстағы 92 ба­лабақшада 547 инклюзивті топ, ал 347 мектепте 1 070 инклюзивті сы­нып бар. Онда 3 811 бала білім алу­да. Сонымен қатар 189 арнайы пе­дагог пен 450-ден астам көмек­ші маман еңбек етіп жатыр.

Әлеуметтік қолдау – әр балаға

2025-2026 оқу жылында Ақтө­бе облысының 405 мемлекеттік бі­лім ошағында оқушыларға тегін ыс­тық тамақ беріледі. Облыста те­­гін ыстық тамақпен 70 176 бас­тауыш сынып оқушысы және әлеу­­­­­меттік санаттағы 5–11 сы­нып­тарда оқитын 8 560 бала қам­тыл­ған. Барлығы – шамамен 79 мың оқушы.

Тамақтануды ұйым­дас­тыру­ға бюджеттен 8,37 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 6,66 млрд теңге – бас­тауыш сынып оқушыларына, 1,7 млрд теңге – әлеуметтік жағдайы тө­мен отбасылардың балаларына ба­ғытталған. Белгіленген стан­дарт­қа сәйкес, мектептерде мау­сым­дық екі апталық мәзір ен­гі­зіл­ген. Бір баланың күнделікті рационына 665 теңге жұмсалады.

Сондай-ақ облыс көлемінде 16 624 оқушыға қаржылай-ма­те­риалдық көмек қарастырылған. Бұл мақсатқа 768 млн теңге бө­лініп, ата-аналардың есепшот­та­рына қаржы толығымен аударыл­ды. Орта есеппен әр балаға 46 228 тең­геден тиесілі. Балаларды та­сы­малдау да назардан тыс қалған жоқ. Қазір 145 автобус қызмет көр­сетеді, оның 53-і білім беру ұйым­дарының балансында болса, 92-сі жалға алынған. Нәти­же­сінде, мектептен үш шақырымнан алыс тұратын 12 514 оқушы және мек­теп жоқ елді мекендерде тұра­тын 199 бала тегін тасымалданып отыр.

P.S: 

Ақтөбе облысының білім беру саласын заманауи бағытта дамыту үшін қазіргі күні «Облыс мектептеріне «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасы қолға алынып жатыр. Жоба аясында физика, химия, биология пәндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру, жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқыту моделін STEM-тәсілдер мен педагогтердің тәлімгерлігі негізінде пробациялау жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, педагогтердің кәсіби деңгейі, оқушылардың функционалдық сауаты, пәнге қызығушылығы артады, тиісінше жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы кемінде 7-10 пайызға көтеріледі деп күтілуде.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ