Шайбалы хоккейден Қытай астанасы Бейжіңде екінші Азия чемпионаты жалғасып жатыр.
Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
Фото: gov.kz
687
оқылды

20-23 қараша аралығындағы бәсекеге Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай елдері өзара айналмалы жүйе бойынша мықтыны анықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Отандастарымыз үш ойында да қарсыластарын қапы қалдырып, сенімді түрде чемпион атанды.

Қазақстан-Оңтүстік Корея 4:2
Қазақстан-Қытай 5:1
Қазақстан-Жапония 4:3

Үш ойынның қорытындысы бойынша, Қазақстан сапынан Максим Мусоров (1 шайба + 6 нәтижелі пас) ең нәтижелі ойыншы болды.

Сары құрлықтың додасы ең алғаш рет 2024 жылы Алматы қаласында басталып, жерлестеріміз алтын жүлдені еншілеген еді.

Дәл қазіргі сәтте әлемдік рейтингте Азия құрлығындағы Қазақстан (13-орын), Жапония (20-орын), Оңтүстік Корея (23-орын), Қытай (25-орын) орында тұр.