Халықаралық гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол күйеуі Нұрахмет Нұриев басқаратын "Қазақмыс" корпорациясы жоғары марапатқа ие болғанын айтты.
“Бүгін Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ірі компаниялар арасындағы бас жүлдені «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алды. Марапатты компания басшылығына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Бұл компания үшін - үлкен әрі лайықты баға. Ал маған сүйікті күйеуім үшін ерекше мақтаныш. Сен бар күш-жігеріңді жұмысыңа салатыныңды көремін, мұндай нәтиже қандай қажырлы еңбекпен келетінін білемін. Сені сүйемін, мақтанамын және әрдайым жаныңдамын”, - деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.