Нагояда (Жапония) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при финалының жеңімпазы анықталды.
Аталмыш додада АҚШ спортшысы Илья Малинин топ жарды. Ол еркін бағдарламада бірден жеті төрттік секіруді орындап, жалпы есепте 332,29 ұпай жинады.
Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (302,41) ие болды. Үздік үштікті тағы бір Жапония спортшысы - Шун Сато (292,08) түйіндеді.
Қазақстандық Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады. Жалпы есепте 242,19 ұпай еншілеп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.