Серік Теміржанов IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан боксшысы 60 келі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 финалда Замбия өкілі Эндрю Чилатамен жұдырықтасып, сенімді түрде жеңді.
Серік Теміржанов екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Еске сала кетейік, IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігінде Нұрлан Сапарбай ширек финалға шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.