«Қайрат» «Олимпиакостен» 0:1 есебімен жеңілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Чемпиондар Лигасының 6-турында «сары-қаралар» грекиялық командамен кездесіп, жеңіліс тапты. «Олимпиакос» сапында Желсон Мартинш гол соқты.
Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанды.
«Қайрат» сапындағы Дастан Сәтпаев ойнамады. 17 жастағы шабуылшы «Копенгагенге» қарсы ойында сары қағаз алып, матчқа қатысу құқығынан айырылды.
Бүгінгі матчқа 20 мыңнан астам жанкүйер келді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.