Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алды.
Отандасымыз (71кг) әзербайжандық Сархан Алиевті 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, 67 кг салмақта өнер көрсететін отандасымыз Санатәлі Төлтаев ширек финалда Олимпиада чемпионы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевқа (1:4) есе жіберді.
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының ширек финалында Мирослава Капулер-Ищенконы (Израиль) мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.