Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҚБФ
228
оқылды

Сәкен Бибосынов Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында  ширек финалдағы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

54 кг салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда непалдық Тапа Чандра Бахадурды 5:0 есебімен жеңді. Осылайша финалға жолдама алды.

Сәкен Бибосынов ақтық сында Вячеслав Рогозинмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.