Оразбек Асылқұлов Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында кезекті жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
57 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/2 финалда ресейлік Андрей Пегливанянды 5:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Сонымен қатар Абылайхан Жүсіпов жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалында қырғызстандық Ихтияр Нишоновты жеңіп (5:0), финалға жолдама алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.