Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті Оралда ұсталды
236
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган — Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.