Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қарағанды облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
182
оқылды

Жол апаты Қарағанды облысындағы Құлайғыр теміржол учаскесінде болған. 35 жастағы Audi жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына қарамастан теміржол өткеліне кіріп, жүк пойызымен соқтығысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға салдарынан зардап шеккен жүргізуші және төрт жолаушы, оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді. Қазір екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, бәрінің жағдайы бір қалыпты.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Аталған дерекке байланысты жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның қортындысына сәйкес оқиғаға қатысушылардың әрқайсына қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады, – деді ПД өкілі.