Қазір Владислав Киреевтің еншісінде 14 ұпай бар.
Биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогі кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды
Фото: ҚР ҰОК
122
оқылды

Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогінің жалпы есебінде кезекті ұпайларын еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін, 12 желтоқсанда, Австрияның Хохфильцен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында ол 10 шақырымдық спринт жарысына қатысты.

Қазақстандық спортшы бір мәрте мүлт кетіп, мәреге 33-орынмен жетті. Бұл нәтиже оған сегіз ұпай әкелді. ҚР ҰОК мәліметінше, қазір Владислав Киреевтің еншісінде 14 ұпай бар.

Осылайша, ол маусым барысында екінші рет із кесу жарысына жолдама алды. Сонымен қатар Әсет Дүйсенов те із кесу жарысына өтті. Ол спринтте 53-ші нәтижені көрсетті. Вадим Куралес 97-ші орынмен шектелді.

Италиялық Томмазо Джакомель жарыс жеңімпазы атанса, күміс жүлде франциялық Эрик Перроге бұйырды. Германия өкілі Филипп Хорн қола жүлдегер атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.