Еркін күреспен айналысатын ол спорттық мансабын 2018 жылы аяқтаған.
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай сотталды
olympic.kz
91
оқылды

Павлодарда еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

42 жастағы спортшы билік өкілдеріне күш қолданды деген айыппен кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында Шабанбай Павлодар көшелерінің бірінде өзін тоқтатқан Ұлттық ұланның үш сарбазына тіл тигізіп, артынша оларды жұдырықтай бастаған. Белгілі болғандай, оқиға кезінде спортшы дәмханадан ішімдік ішіп шығып, масаңдау күйде болған.

Сот шешімімен Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болды.

Айта кеткен жөн, Д.Шабанбай Лондон Олимпиадасында ресми түрде қола медальді тек 2022 жылы алған. Бұл шешім оның екі қарсыласының допинг қолданғаны нақтыланғаннан кейін қабылданған еді. Еркін күреспен айналысатын ол спорттық мансабын 2018 жылы аяқтаған.