Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 елінде тарады. Қазақстанда 49 адам жұқтырды. Қазір вирустан қайтыс болғандар туралы түрлі фейк хабарламалар тарап жатыр. Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ", - деді Тоғжанов "Хабар 24" телеарнасында көрсетілген брифингте.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. "20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді", - делінген еді хабарламада.