Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
124
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.